2017 жылға арналған
Степногорск қаласы бойынша
мүгедектердi жұмысқа орналастыру
үшiн жұмыс орындарының квотасын
белгiлеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi Заңының 27 бабы, 1 тармағының, 1) тармақшасына сәйкес, «Мүгедектер үшiн жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 14010 болып тiркелдi) негiзiнде Степногорск қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Степногорск қаласы бойынша 2017 жылға арналған мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн жұмыскерлердiң тiзiмдiк санымен ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауiптi жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екiден төрт пайызға дейiнгi мөлшерiнде квота:
1) елуден жүз адамға дейiн — жұмыскерлердiң тiзiмдiк санының екi пайызы мөлшерiнде;
2) жүз бiрден екi жүз елу адамға дейiн — жұмыскерлердiң тiзiмдiк санының үш пайызы мөлшерiнде;
3) екi жүз елу бiрден артық адам — жұмыскерлердiң тiзiмдiк санының төрт пайызы мөлшерiнде белгiленсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкiмiнiң орынбасары Г.М. Әбiловаға жүктелсiн.
3. Осы қаулы Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Степногорск қаласының әкiмi Ә. Күмпекеев