Негізгі жұмыстан немесе оқудан бос уақытта сотталғандар үшін тегін қоғамдық пайдалы жұмыстардың түрлерін және орнын белгілеу туралы

ЖОБА

Негiзгi жұмыстан немесе оқудан

бос уақытта сотталғандар үшiн

тегiн қоғамдық пайдалы

жұмыстардың түрлерiн

және орнын белгiлеу туралы

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шiлдедегi Қылмыстық кодексiнiң 43-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шiлдедегi Қылмыстық-атқару кодексiнiң 57-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Степногорск қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiндегi жазаны өтеуге сотталғандарға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерi Степногорск қаласының аумағын абаттандыру және тазалау болып белгiленсiн.

Сотталғандардың қоғамдық жұмысқа тарту түрiндегi жазаны өтеу үшiн орын «Құрылыс — МТК» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi болып белгiленсiн.

Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкiмiнiң орынбасары Г.М. Әбiлова жүктелсiн.

Осы қаулы Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Степногорск қаласының әкiмi Ә. Күмпекеев

КЕЛIСIЛДI

«Құрылыс — МТК» ЖШС директоры Қ. Қарабаев

Приложения:

ПРИЛОЖЕНИЕ

Дата публикации
03 сентября 2020