2017 жылға арналған Степногорск қаласы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе...

ЖОБА

2017 жылға арналған

Степногорск қаласы бойынша

ата-анасынан кәмелеттiк жасқа

толғанға дейiн айырылған немесе

ата-анасының қамқорлығынсыз

қалған, бiлiм беру ұйымдарының түлектерi

болып табылатын жастар қатарындағы

азаматтарды, бас бостандығынан айыру

орындарынан босатылған адамдарды,

пробация қызметiнiң есебiнде тұрған

адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн

жұмыс орындарының квотасын

белгiлеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуiрдегi № 482 Заңы 9-бабының 7), 8) және 9) тармақшаларына сәйкес, «Ата-анасынан кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бiлiм беру ұйымдарының түлектерi болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарының квоталау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығы негiзiнде Степногорск қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Ата-анасынан кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бiлiм беру ұйымдарының түлектерi болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн Степногорск қаласының өңiрлiк еңбек нарығында қалыптасқан жағдайды ескере отырып әрекеттегi кәсiпорындар жұмысшыларының тiзiмдiк санының бiр пайыздық мөлшерiнде жұмыс орындарының квотасы белгiленсiн.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкiмiнiң орынбасары Г.М. Әбiловаға жүктелсiн.

3. Осы қаулы Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2017 жылдың 01 қаңтарынан бастап пайда болатын құқықтық қарым-қатынастарға таралады.

Степногорск қаласының әкiмi Ә. Күмпекеев

«КЕЛIСIЛДI»

«Степногорск қаласының Iшкi iстер басқармасы»

мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы

__________________Қ.Б. Нұрмағамбетов

2016 жылғы «___» _____________

«Степногорск қаласының бiлiм бөлiмi»

мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы

__________________ Т.В. Семенюк

2016 жылғы «___» _____________

Дата публикации
03 сентября 2020