Степногорск қаласы әкiмдiгiнiң
«2016 жылға арналған, Степногорск қаласы халқының
нысаналы топтарына жататын тұлғалардың, қосымша
тiзбесiн белгiлеу туралы» қаулысының жобасы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабына сәйкес Степногорск қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2016 жылға арналған, Степногорск қаласы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың, қосымша тiзбесi белгiленсiн:
1).зейнеткерлiк жас алдындағы жетуге дейiн елу жастан үлкен жастағы ер адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған);
2) зейнеткерлiк жас алдындағы жетуге дейiн қырық бестен үлкен жастағы әйел адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған);
3) ұзақ уақыт бойы жұмыс iстемейтiндер (үш айдан артық);
4) орта және орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер;
5) бұрын жұмыс iстемегендер;
6) мүгедектiк есебiнен шығарылғандар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкiмiнiң орынбасары Н.Т. Әбдiрахмановқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Степногорск қаласының әкiмi Ә. Күмпекеев