«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

ЖОБА

«Степногорск қаласының

экономика және қаржы бөлiмi»

мемлекеттiк мекемесi туралы

Ереженi бекiту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органының Үлгiлiк ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Степногорск қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi туралы қоса берiлген Ережесi бекiтiлсiн.

2. «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен белгiленген тәртiпте және мерзiмде Ереженi Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласының әкiмi орынбасарының мiндетiн атқарушы Сағындық Серiкбайұлы Шабаровқа жүктелсiн.

4. Степногорск қаласы әкiмдiгiнiң осы қаулысы Ақмола облысының Әдiлет Департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Степногорск қаласының әкiмi Ә. Күмпекеев

Степногорск қаласы әкiмдiгiнiң

2016 жылғы «___» _________

№ _______________

қаулысымен бекiтiлдi

«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекеме бюджеттi атқару, бухгалтерлiк есептi жүргiзу, бюджеттiк есептi және жергiлiктi бюджеттiң атқарылуы бойынша бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу, бюджеттiк жоспарлау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекеме өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекеме мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекеме, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекеме өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамамен белгiленген тәртiпте «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдердi қабылдайды.

7. «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекеменiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, 021501, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 4 ықшам ауданы, 1 ғимарат.

9. Мемлекеттiк органның толық атауы — «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекеме.

10. Осы Ереже «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекеменiң құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекеменiң қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекеменiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егерде, «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

13. «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекеменiң миссиясы: бюджеттi жоспарлау және орындау саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру, коммуналдық меншiктi басқару.

14. Мiндеттерi:

1) бюджеттi жоспарлау және орындау процесiн үйлестiрудi ұйымдастыру;

2) қалалық коммуналдық меншiктi басқару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;

3) қалалық бюджеттi орындау жөнiнде бухгалтерлiк есеп, бюджеттiк есептi жүргiзу және бюджеттiк есептiлiктi құру.

15. Функциялары:

1) жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобалардың iске асырылуына мониторингтi және бағалауды жүргiзу;

2) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң шығыстар лимиттерiн, жаңа бастамалардың лимиттерiн белгiлеу;

3) ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешiктiрмей тиiстi мәслихатқа қарау үшiн қала бюджетiнiң жобасын ұсыну;

4) заңнамамен белгiленген тәртiпте жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiн iске асыру туралы қаулысының жобасын дайындау;

5) жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдердi болжамдау;

6) жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн, бюджеттiк бағдарлама жобаларын қарау, бюджеттiк өтiнiмдер және бюджеттiк бағдарлама жобалары бойынша қорытынды жасау, және оларды бюджеттiк комиссиясының қарауына жолдау;

7) бюджеттiк комиссиясының жұмысын ұйымдастыру;

8) мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, жергiлiктi бюджеттер бойынша түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекiту және жүргiзу;

9) бюджеттiң атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң қызметiн үйлестiру;

10) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк органдардың бюджеттiк қаражаттарды тиiмдi басқарудың жыл сайынғы бағалауын жүзеге асыру;

11) артық (қате) төленген соманың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алуына жауапты және салықтық емес түсiмдердiң, негiзгi капиталды сатудан, трансферттерден, бюджеттiк кредиттердi өтеу сомаларынан, мемлекеттiк қаржы активтерiн сатудан, қарыздардан түсетiн түсiмдердiң бюджетке түсуiн бақылауды жүзеге асыру;

12) ауылдық елдi-мекендерге тұруға және жұмыс iстеу үшiн келген мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру;

13) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiмен ұсынатын мемлекеттiк сатып алулар және есеп берулер процесiнiң мониторингiн жүзеге асыру;

14) мемлекетпен бақыланатын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, жергiлiктi атқарушы органдарымен жасалған мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорындарының даму жоспарларының орындалуын бақылау және талдауды жүзеге асыру;

15) Қазақстан Республикасының Бюджеттiк кодексiне сәйкес аудандық коммуналдық мүлiктердi, сондай-ақ ақшаларды жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерiнiң жарғылық капиталына, немесе акционерлiк қоғам акцияларының төлемiне беру туралы қаулылар жобасын дайындау жөнiнде бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жұмысын ұйымдастыру;

16) аудандық коммуналдық мүлiктi аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекiту жөнiнде жұмыстарды ұйымдастыру;

17) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе аудандық коммуналдық мүлiктi (тұрғын үйден басқа) пайдалану туралы, соның iшiнде оны мүлiктiк жалға (жалдауға) беру, өтеусiз пайдалану және сенiмгерлiк басқару туралы шешiм қабылдау;

18) заңнамамен қарастырылған шарттарда табиғи және техногендiк сипаттамадағы төтенше жағдайлар кезiнде реквизициялау туралы ұсыныстарды енгiзу;

19) заңнамамен белгiленген жағдайларында және шарттарда мемлекеттiң өз меншiгiне алған мүлiк үшiн ақшалай өтеу төлемi;

20) заңнамамен белгiленген шарттарда мемлекеттiк мұқтаждыққа жер телiмiнiң алымына байланысты жер телiмiн немесе басқа да жылжымайтын мүлiктi тартып алу кезiнде өтеулер төлемi;

21) мемлекеттiк мұқтаждыққа жер телiмiнiң алымына байланысты жер телiмiн немесе басқа да жылжымайтын мүлiктi ерiксiз тартып алуды бастау туралы немесе мемлекеттiк мұқтаж үшiн жер телiмiн ерiксiз тартып алуды тоқтату туралы жергiлiктi атқарушы органның қаулысының жобасын дайындау;

22) мемлекеттiк мұқтаждыққа жер телiмiнiң алымына байланысты жер телiмiн және басқа да жылжымайтын мүлiктi сатып алу туралы шарт жасасу;

23) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте коммуналдық меншiкке айналдырылған (түскен) коммуналдық мүлiктi есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрi пайдалануды ұйымдастыру;

24) сенiмгерлiкпен басқарушының коммуналдық мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты бойынша мiндеттемелердi орындауын бақылауды жүзеге асыру;

25) аудандық коммуналдық мүлiктiң (тұрғын үйден басқа), сондай-ақ мүлiктiк кешен тәрiздi кәсiпорындардың жекешелендiрудi жүзеге асыру, сонымен қатар жекешелендiру процесiн ұйымдастыру үшiн делдалды тартады, жекешелендiру объектiсiн бағалауды қамтамасыз етедi, жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шарттарын әзiрлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

26) аудандық коммуналдық мүлiктiң (тұрғын үйден басқа) пайдаланылуын және сақталуын бақылау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

27) жергiлiктi өзiн-өзi басқару функцияларын iске асыру үшiн жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына трансферттердi аудару;

28) Қазақстан Республикасының Бюджеттiк кодексiнiң 124, 125 баптарына сәйкес бюджеттiк есеп берудi жасау және ұсыну, Қазақстан Республикасының Бюджеттiк кодексiнiң 118, 120 баптарына сәйкес шоғырландырылған қаржылай есеп берудi жасау және ұсыну;

29) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.

16. Құқықтары мен мiндеттерi:

1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен белгiленген талаптарды сақтай отырып өз құзыретi шегiнде «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне мiндеттелген функцияларды атқару үшiн мемлекеттiк органдардан, кәсiпорындардан және өзге де ұйымдардан тиiстi ақпаратты сұрау және алу;

2) өзiнiң құзыретi шегiнде қалалық бағдарламалар, бюджеттiк бағдарламалар және өзге де құжаттарды әзiрлеу үшiн ведомствоаралық топтарды құру туралы ұсыныстар енгiзу;

3) бюджеттiк өтiнiмдердi оның ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар және даму бюджеттiк бағдарламалары үшiн жеткiзiлген шығыстар лимитiне алдағы үш жыл кезеңiне қалалық бюджет қаражаттарын бастапқы шығыстау бағыттарының тарапына сәйкес қарау және келiсу;

4) бекiтiлген жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың экономикалық тиiмдiлiгiн және мақсатқа лайықтылығын бағалау;

5) жергiлiктi бюджет қаражаттары есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң жергiлiктi бюджетiн орындау жөнiнде нормативтiк-құқықтық актiлер талаптарының сақталуын, жергiлiктi бюджеттен берiлген бюджеттiк қаражаттарды, оның iшiнде несиелердi нысаналы пайдалануын бақылауды жүзеге асыру;

6) өзiнiң құзыретi шегiнде ақшалай қаражаттарды өтеп алуды (қайтаруды) жүргiзу, ұйымдарды олардың бюджеттiк қаражаттарды заңсыз және лайықсыз пайдалану жағдайында қалалық бюджеттен қаржыландыруды шектеу немесе тоқтату;

7) жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердiң қаржылай есеп беруiн бақылауды жүзеге асыру;

8) мүлiктi жалдау (жалға алу), коммуналдық мүлiктi өтеусiз пайдалану және сенiмгерлiк басқару шартын жасау;

9) жалдауға берiлген мемлекеттiк мүлiктiң шарттық мiндеттерiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да мiндеттердi орындау.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

17. «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне басшылықты «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

18. «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекеменiң бiрiншi басшысы заңнамамен белгiленген тәртiпте Степногорск қаласы әкiмiнiң өкiмiмен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

19. «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекеменiң бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.

20. «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекеменiң бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:

1) заңнамаға сәйкес «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекеменiң жұмыскерлерiн лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

2) «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекеме жұмыскерлерiнiң мiндеттерiн және өкiлеттiктерiн белгiлейдi;

3) «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне басшылық етудi жүзеге асырады, «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекеме жұмыскерлерiнiң жұмысын ұйымдастырады, үйлестiредi және бақылайды;

4) Заңнамамен белгiленген тәртiпте «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекеменiң жұмыскерлерiн көтермелеу және марапаттау мәселелерiн шешедi және оларға тәртiптiк жаза қолданады;

5) «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекеме жұмыскерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi;

6) «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекеменiң бұйрықтарына қол қояды және «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекеме жұмыскерлерiнiң орындалуы үшiн мiндеттi тапсырмаларды бередi;

7) жергiлiктi атқарушы органмен бекiтiлген штат санының лимитi шегiнде «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекеменiң штаттық кестесiн және оның құрылымын бекiтедi;

8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттiк органдарға және басқа да ұйымдарға «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекеменiң мүдделерiн бiлдiредi;

9) заңнамамен белгiленген тәртiпте «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекеменiң мүдделерiн ұсыну үшiн бөлiм жұмыскерлерiне сенiмхат бередi;

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды және ол үшiн дербес жауапкершiлiктi артады;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады;

«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекеменiң бiрiншi басшысы болмаған кезеңде, оның өкiлеттiктерiн, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21. «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекеменiң бiрiншi басшысы өз орынбасарының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

22. «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекеменiң заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекеменiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

23. «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

24. Егер заңнамада тыйым салынбаса, «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекеме, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлiмi» мемлекеттiк мекеменi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Дата публикации
03 сентября 2020