«Степногорск қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органының үлгi ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Степногорск қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

«Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi қоса берiлген Ережесi бекiтiлсiн.

«Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен белгiленген тәртiпте және мерзiмде Ереженi Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.

Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласының әкiмi орынбасарының мiндетiн атқарушы Сағындық Серiкбайұлы Шабаровқа жүктелсiн.

Осы Степногорск қаласы әкiмдiгiнiң қаулысы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Степногорск қаласының әкiмi Ә. Күмпекеев

Степногорск қаласы әкiмдiгiнiң

2016 жылғы «___» _________

№ _______________

қаулысымен бекiтiлдi

«Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

«Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi Степногорск қаласының әлеуметтiк — экономикалық дамытудың негiзгi басымдылықтарын қалыптастыру және стратегиялық жоспарлау саласындағы мемлекеттiң басымдылық бағыттарды, соның iшiнде кәсiпкерлiк және индустриалдық — инновациялық саясатты iске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

«Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

«Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

«Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

«Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

«Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамамен белгiленген тәртiпте «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдердi қабылдайды.

«Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, 021501, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 4 ықшам ауданы, 1 ғимарат.

Мемлекеттiк органның толық атауы — «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi.

Осы Ереже «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.

«Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

«Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егерде, «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

«Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы: мемлекеттiк реттеу, мемлекеттiк қолдау және жеке кәсiпкерлiктi дамыту саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру, бәсекелестiктi дамытуға жәрдемдесу.

Мiндеттерi:

1) экономиканың басым секторларын дамыту үшiн қолайлы жағдайларды жасау;

2) ауданның аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдайларды жасау;

3) бәсекеге қабiлеттi жаңа өндiрiстердi дамыту үшiн жағдайларды қамтамасыз ету;

4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң инвестициялық тартымдылығын және экспорттық әлеуетiн арттыру.

15. Функциялары:

жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатын iске асыру;

өңiрдегi мемлекеттiк бағдарламалардың iске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз ету;

сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастыру;

ауданды дамыту бағдарламасын мәслихаттың бекiтуiне ұсыну және әзiрлеу, оның орындалуын қамтамасыз етудi бақылау;

жергiлiктi деңгейде жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз ету;

шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;

сауда саясатының жүргiзуiн қамтамасыз ету;

көрмелер мен жәрмеңкелердiң ұйымдастыруын жүзеге асыру;

Заңда белгiленген тәртiпте және мерзiмде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдау және оларды қарау;

жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

Құқықтары мен мiндеттерi:

өз құзыретi шегiнде қала әкiмiдiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын даярлау;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiмен белгiленген талаптарды сақтай отырып өз құзыретi шегiнде «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне мiндеттелген функцияларды атқару үшiн мемлекеттiк органдардан, кәсiпорындардан және өзге де ұйымдарынан тиiстi ақпаратты сұрау және алу;

«Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң құзырына кiретiн сұрақтары бойынша басшыларды және басқа да атқарушы билiк органдарының, кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелерiнiң мамандарын тартуымен жиналыстарға белгiленген тәртiпте шақырту, қатысу;

өз құзыретi шегiнде келiсiмдер, шарттар жасасу;

Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да мiндеттердi орындау.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

«Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне басшылықты «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

«Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысы заңнамамен белгiленген тәртiпте Степногорск қаласы әкiмiнiң өкiмiмен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

«Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.

«Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:

1) заңнамаға сәйкес «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыскерлерiн лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

2) «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекеме жұмыскерлерiнiң мiндеттерiн және өкiлеттiктерiн белгiлейдi;

3) «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне басшылық етудi жүзеге асырады, «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi жұмыскерлерiнiң жұмысын ұйымдастырады, үйлестiредi және бақылайды;

4) Заңнамамен белгiленген тәртiпте «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекеменiң жұмыскерлерiн көтермелеу және марапаттау мәселелерiн шешедi және оларға тәртiптiк жаза қолданады;

5) «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекеме жұмыскерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi;

6) «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бұйрықтарына қол қояды және «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекеме жұмыскерлерiнiң орындалуы үшiн мiндеттi тапсырмаларды бередi;

7) жергiлiктi атқарушы органмен бекiтiлген штат санының лимитi шегiнде «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекеменiң штаттық кестесiн және оның құрылымын бекiтедi;

8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттiк органдарға және басқа да ұйымдарға «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң мүдделерiн бiлдiредi;

9) заңнамамен белгiленген тәртiпте «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң мүдделерiн ұсыну үшiн бөлiм жұмыскерлерiне сенiмхат бередi;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды және ол үшiн дербес жауапкершiлiктi артады;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады;

«Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысы болмаған кезеңде, оның өкiлеттiктерiн, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

«Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысы өз орынбасарының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

«Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

«Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

«Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекеме, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

«Степногорск қаласының кәсiпкерлiк бөлiмi» мемлекеттiк мекеменi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Дата публикации
03 сентября 2020