«Степногорск қаласындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы»
Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысының жобасы
«Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Степногорск қаласындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдер осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласының әкімі орынбасарының міндетін атқарушы С.С. Шабаровқа жүктелсін.
3. Степногорск қаласы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қаласының әкімі Ә. Күмпекеев
Степногорск қаласы әкімдігінің
2016 жылғы «___» _________
№______________
қаулысына қосымша
Степногорск қаласындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдер
| № р/р | Өлшемдердің атауы | Иеліктен айыру түрі |
| 1 | Егер мемлекеттің алдағы уақытта мемлекеттік меншік объектісін бақылауда мүдделігі болмаса | Аукцион түріндегі жекешелендіру |
| 2 | Сату шартын бекіту арқылы уақыттың қандай да бір кезеңіне мемлекет тарапынан бақылауды сақтау қажеттілігі болса (қызмет түрін сақтау, кредиторлық берешекті өтеу, еңбек ақы бойынша берешекті өтеу және басқа шарттар) | Тендер түріндегі жекешелендіру |
Мәселелер және ұсыныстар бойынша 8 (71645) 62595 телефоны арқылы хабарласуға болады