ЖОБА
«Аудандық маңызы бар
автомобиль жолдарының
тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағының 2.1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Автомобиль
жолдары туралы» Заңының 3-бабының 7-тармағына және 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қосымшаға сәйкес аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі бекітілсін.
2.Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары С.С. Шабаровқа жүктелсін.
3.Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қаласының әкімі Е. Баяхметов
КЕЛІСІЛДІ
«Ақмола облысының
жолаушылар көлігі
және автомобиль жолдары
басқармасы» ММ басшысы
________________А. Мұратұлы
Степногорск қаласы әкімдігінің
20__ жылғы «__» _______
№ ________
қаулысына қосымша
Ақмола облысының Степногорск қаласы бойынша аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі
| № п/п | Автомобиль жолдарының индексі | Автомобиль жолдарының атауы | Жалпы ұзындығы, ш.м. |
| 1 | KC-ST-2 | «Степногорск қ. – Өнеркәсіптік аймақ» | 16,5 |