2018 жылға арналған мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытуға
мемлекеттік білім беру
тапсырысын, ата-ана
төлемақысының мөлшерін
бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген 2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.М. Әбіловаға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2018 жылдың 01 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Степногорск қаласының әкімі Ә. Күмпекеев
Степногорск қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 08.02.
№ а-2/66 қаулысымен
бекітілген
2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы,
ата-ана төлемақысының мөлшері
| № | Ұйымның атауы | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | Айына ата-ана төлемақысының мөлшері(теңге) | Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) |
| 1 | Степногорск қаласы білім бөлімінің жанындағы «Нұршуақ» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 280 | 10000 | 25541 |
| 2 | «Степногорск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанындағы инклюзивті білім беретін «Балауса» бөбекжай-балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 220 | 10000 | 25541 |
| 3 | «Дарын» жеке балабақшасы«ДС-Дарын» ЖШС | 200 | 15000 | 25541 |
| 4 | «Сказка» жеке балабақшасыДК Лагута Светлана Васильевна | 165 | 17000 | 25541 |
| 5 | «Асыл» жеке балабақшасыДК «Бексултан» | 75 | 18000 | 25541 |
| 6 | «Алтын» жеке балабақшасыДК Жетписова Ж.А. | 75 | 18000 | 25541 |
| 7 | «Айлана» жеке шағын орталығыДК Есжанова Фарида Буташевна | 30 | 20000 | 18106 |
| 8 | Степногорск қаласының білім бөлімінің «Ақсу кентінің № 2 орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Балдаурен» шағын орталығы | 40 | 10000 | 18106 |
| 9 | Степногорск қаласының білім бөлімінің «Степногор ауылының орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Қарлығаш» шағын орталығы | 20 | 10000 | 18106 |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ДК - дара кәсіпкер;
ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік.