2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

2017 жылға арналған мектепке

дейiнгi тәрбие мен оқытуға

мемлекеттiк бiлiм беру

тапсырысын, ата-ана

төлемақысының мөлшерiн

бекiту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi «Бiлiм туралы» Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

Қоса берiлген 2017 жылға арналған мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерi бекiтiлсiн.

Степногорск қаласы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 03 сәуiрдегi № а-4/164 «2017 жылға арналған Степногорск қаласында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерiн бекiту туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5933 болып тiркелген, 2017 жылғы 18 мамырда «Степногорск ақшамы» қалалық газетiнде жарияланған) қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкiмiнiң орынбасары Г.М. Әбiловаға жүктелсiн.

Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2017 жылғы 01 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

Степногорск қаласының әкiмi Ә. Күмпекеев

Приложения:

приложение

Дата публикации
03 сентября 2020