2016 жылға арналған Степногорск қаласында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын...

2016 жылға арналған Степногорск

қаласында мектепке

дейiнгi тәрбие мен оқытуға

мемлекеттiк бiлiм беру

тапсырысын, жан басына шаққандағы

қаржыландыру және ата-ананың

ақы төлеу мөлшерiн бекiту туралы

(Ақмола облысының 2016 жылғы

28 шiлдедегi № 5482 Әдiлет департаментiнде

нормативтi — құқықтық актiлердi мемлекеттiк

тiркеу Реестрiнде тiркелдi)

«Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Степногорск қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлген 2016 жылға арналған Степногорск қаласында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерi бекiтiлсiн.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкiмiнiң орынбасары Г. М. Әбiловаға жүктелсiн.

3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2016 жылдың 01 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

Степногорск қаласының әкiмi Ә. Күмпекеев

Приложения:

прилож 1

Дата публикации
03 сентября 2020