Степногорск қаласындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы

Ақмола облысының Әділет департаменті «Степногорск қаласындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы» Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысын 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 5318 нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркеді

«Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Степногорск қаласындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдер осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласының әкімі орынбасарының міндетін атқарушы С.С. Шабаровқа жүктелсін.

3. Степногорск қаласы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Степногорск қаласының әкімі Ә. Күмпекеев

Степногорск қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 28 наурыздағы
№ а-3/144
қаулысына қосымша

Степногорск қаласындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдер

№ р/р Өлшемдердің атауы Иеліктен айыру түрі
1 Егер мемлекеттің алдағы уақытта мемлекеттік меншік объектісін бақылауда мүдделігі болмаса Аукцион түріндегі жекешелендіру
2 Сату шартын бекіту арқылы уақыттың қандай да бір кезеңіне мемлекет тарапынан бақылауды сақтау қажеттілігі болса Тендер түріндегі жекешелендіру
Дата публикации
03 сентября 2020