«2016 жылға арналған Степногорск қаласы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың, қосымша тізбесін белгілеу туралы»

Степногорск қаласы әкiмдiгiнiң

2016 жылғы 18 сәуiрдегi № а-4/182

«2016 жылға арналған Степногорск

қаласы халқының нысаналы

топтарына жататын тұлғалардың,

қосымша тiзбесiн белгiлеу туралы» Степногорск қаласы әкiмдiгiнiң

2016 жылғы 25 наурыздағы

№ а-3/141(2016 жылғы 15 сәуiрдегi № 5290

нормативтiк құқықтық актiлердiң

мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген)

қаулысының күшi жойылды

деп тану туралы қаулысы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуiрдегi Заңына сәйкес Степногорск қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «2016 жылға арналған Степногорск қаласы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тiзбесiн белгiлеу туралы» Степногорск қаласы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 25 наурыздағы № а-3/141 (2016 жылғы 15 сәуiрдегi № 5290 нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген) қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкiмiнiң орынбасары Г.М. Әбiловаға жүктелсiн.

3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшiне енедi және қолданысқа енгiзiледi.

Степногорск қаласының әкiмi Ә. Күмпекеев

Дата публикации
03 сентября 2020