«2016 жылға арналған Степногорск
қаласы халқының нысаналы
топтарына жататын тұлғалардың
қосымша тiзбесiн белгiлеу туралы»
Степногорск қаласы әкiмдiгiнiң
2016 жылғы 25 наурыздағы
№ а-3/141 қаулысы
(Ақмола облысы Әдiлет
департаментiнде 2016 жылғы
15 сәуiрдегi нормативтiк құқықтық
актiлердiң мемлекеттiк тiркеу
Тiзiлiмдемесiнде № 5290 тiркелген)
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабына сәйкес Степногорск қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2016 жылға арналған Степногорск қаласы халқының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тiзбесi белгiленсiн:
1).ұзақ уақыт бойы жұмыс iстемейтiндер (үш айдан артық);
2) орта және орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының түлектерi;
3) бұрын жұмыс iстемегендер;
4) мүгедектiк есебiнен шығарылғандар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкiмiнiң орынбасары Н.Т. Әбдiрахмановқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2016 жылдың 01 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Степногорск қаласының әкiмi Ә. Күмпекеев