«Степногорск қаласы бойынша 2016 жылға қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты айқындау, ұйымдардың тiзбесiн, қоғамдық жұмыстардың түрлерiн, көлемi мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерiн бекiту туралы» Степногорск қаласы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № а-12/482 қаулысы
(Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде 2016 жылы 25 қаңтарда нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмдемесiнде
№ 5229 тiркелген)
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына сәйкес Степногорск қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Степногорск қаласы бойынша 2016 жылға қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Қоса берiлген ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi бекiтiлсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкiмiнiң орынбасары Н.Т. Әбдiрахмановқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Степногорск қаласының әкiмi Ә. Күмпекеев
«КЕЛIСIЛДI»
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Степногорск қалалық емханасы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнының бас дәрiгерi А. Дүйсенов
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң Мемлекеттiк кiрiстер комитетi
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттiк кiрiстер
департаментiнiң Степногорск қаласы
бойынша Мемлекеттiк кiрiстер басқармасы»
республикалық мемлекеттiк мекемесi
басшысының мiндетiн атқарушы Р. Рамазанов
«Қазақстан Республикасының Iшкi
iстер министрлiгi Ақмола облысының
Iшкi iстер департаментi Степногорск
қаласының iшкi iстер басқармасы»
мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы Қ. Нұрмағамбетов
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң
«Ақмола облысы Степногорск қаласының
қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi» республикалық
мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы Б. Есiмов
«Қазақстан Республикасы Әдiлет
министрлiгiнiң Ақмола облысы
Әдiлет департаментiнiң Степногор
қалалық әдiлет басқармасы» республикалық
мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы И. Жандинов
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
жанындағы Соттардың қызметiн қамтамасыз
ету департаментi Ақмола облыстық сотының
кеңсесi (Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының аппараты)» мемлекеттiк мекемесiнiң
Степногорск қалалық сотының төрағасы М. Ахметов
Приложения: