2023 жылда Изобильный ауылының әлеуметтік – экономикалық дамуы туралы есеп беру.

        Жыл басынан бастап қала әкімінің катысуымен 3 кезу өтті, 3 жергілікті қауымдастықтың отырысы өтті.

        Осы жылы ауылымызда екі көшенің атауы өзгертілді Казахстанская көшесін  Қазыбек би көшесіне;  Тургайская көшесін Ынтымақ көшесіне.

        Халықты әлеуметтік қорғау. "Степногорск қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ арқылы жұмыссыздар арасынан қоғамдық жұмыстарға  12  айға абаттандыру жұмысшылары ретінде 5 адам тартылды.

        Денсаулық сақтау.

     Ауыдың мед.пункт  ғимаратында  дәріхана  ашылды. Жылжымалы флюра тексеруден ауыл тұрғындары 98 %  -өтті. Әр тоқсан сайын Бестобе кетінің дәрігерлері келіп ауыл тұрғындарына қызметтерін көрсетеді. Жоспарлы екпелер уақытымен қойылады. Мед.пункт ғимаратынын ішіне шағын жөндеу жұмыстары жүргізілді.  

           Абаттандыру, ауылды санитарлық тазарту, көгалдандыру және       

    жолдарды күтіп ұстау саласында  үлкен жұмыс орындалды.

          Мамыр айында QAZAQ ZHOBA Group" ЖШС  1 млн 180,0 мың теңге сомаға   4616 тонна ірі құрылыс қоқысын шығарды.

        Ауыл жолдарына   қиыршық тас себілген  шұңқырлы жөндеу жұмыстары  

    жүргізілді.

    Ауылға кіреберіс жолына орташа жөндеу жобасы бойынша екіжылдық шарт жасалды. Шарт бойынша  қазан айында кірме жолдың үш жерінде қатарынан  2 су өткізгіш құбырлар орнатылды.  Және қиыршық тас төселді.  Жоспар бойынша келесі жыл көктемінде жұмыстарды жалғастыру үшін 556 тонна  сапалы қиыршық тас әкелінді. 40,5 тонна  мұнай жол битумы сатып алынды. Осы жұмыстарды орындау және қиыршық тас пен битум сатып алу үшін биыл 20 млн теңге жұмсалды. Жобаның жалпы сомасы 54 млн 300 мың тенге. Келесі жылға орташа жөндеу жұмыстарына бюджеттік Өтінім тапсырылды.

 

        Балаларға арналған екі ойын алаңында 1 млн 410 мың теңге сомасына  14 бірлік шағын сәулет нысандары орнатылды. Қыркүйек айында 2 млн 239 мың теңгеге 14  көше жабдықтары және футбол аланына қақпа орнатылады.

      Келесі 2024 жылға көп функционалды спорттық аланына бюджеттік өтінім тапсырылды жалпы сомасы 50 млн. 100 мын тенге. Және қоршау орнату үшін 7 млн 400 мың тенге сомасына бюджеттін өтінім тапсырылды.

      Ауыл көшесіне жарық шамдарын орнату үшін де бюджеттік өтінім тапсырылды отінім сомасы 25 млн 500 мың тенге.

      

 Мәдениет саласында. Клуб ғимаратында жабдықтандыру 100 пайыз орындалды. Өрт дабылы орнатылды. Спорттық тренажерлер, күрес маты, жиынтықтағы спорттық гантельдер сатып алынды. Аптасына үш күн клубта дзюдо секциясы өтеді. Күнделікті тренажер залы ашық келу тегін. Ауыл кітапханасында  өте мағыналы қызықты тақырыптық сөрелер мен іс шаралар өткізіледі.  Қазан айында ауылдын қарттарына арнап клуб ғимаратында шағын концертік бағдарлама откізілді, және мерекелік дастарқан жайылды.

 

Келесі жылға өтінімдер қоғамдастықтың пікірі мен өтінішін ескере отырып берілді 2024 жыл ауыл үшін мерейтой болып табылады біздің ауылға  70 жыл. Сондықтан келесі жылға берілген өтінім-жобаларды қолдауды және мақұлдауды сұраймыз.

Дата публикации
27 марта 2024