Қырық құдық ауылы Степногорск қаласынан қырық бес шақырым жерде орналасқан және Республикалық маңызы бар Макинск-Ақсу-Торғай автожолының 105 шақырымында орналасқан. Елді мекеннің аумағы 5140 га құрайды, оның ішінде жайылымдар 4687 га, егістік 8 га., Ауылдың ауданы 18 га, тұрғын үй секторының алаңымен шектеледі.
(4 слайд)
Қырық құдық ауылының халық саны 550 адам, 145 отбасы. Оның ішінде экономикалық белсенді халық саны 243 адам, жұмыс істейтіндер 154 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 89 адам. Зейнеткерлер 48 адам. Көпбалалы отбасылар саны -20. Мүгедектер саны 19 адам, бала кезінен мүгедектер 2 адам. Ауылдағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Әлеуметтік шиеленіс ошақтары байқалмайды. Бейбітшілік пен келісімде 5 ұлт өкілдері тұрады.
Мемлекеттік қызметтер
2023 жылы барлығы 2 жеке тұлғалардан өтініш келіп қарастырылды.
E-GOV өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 147 қызмет көрсетілді. Оның ішінде 65 ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) алынды. Электрондық үкімет порталы арқылы 8 мемлекеттік қызмет көрсетілді
Ауыл шаруашылығы
Ауылдық аула саны 135 (85 үй). Оның ішінде 91 ауланың жеке қосалқы шаруашылығы бар. 2023 жылдың 1 желтоқсанына мал басы: ірі қара мал 2051 бас (100%), ұсақ мал 2350 бас (103,7%), жылқы 1100 бас (109%), құс 1200 басты (100%) құрады. Ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес үй жануарларының әртүрлі жұқпалы ауруларына вакцинация және зерттеу жұмыстары уақтылы жүргізілуде.
Кәсіпкерлік
Ауыл аумағында 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік ("Ебелек" ЖШС), 3 шаруа қожалығы ("Ислам", "Нұрдәулет", "Бекарыс") және мал шаруашылығын дамытумен айналысатын 15 жеке кәсіпкер жұмыс істейді. Сондай-ақ сауда-сатып алу қызметімен айналысатын 2 жеке кәсіпкер бар. Және 1 кәсіпкер жиһаз жасау саласында жұмыс істейді.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобаның қатысушылары – 18 адам болды, оның ішінде:
2023 жылғы 1 қарашаға атаулы әлеуметтік көмек алу үшін 1 отбасы өтініш білдірді – оның ішінде 9 адам, төленген сома – 381 667 теңге.
Әлеуметтік көмек- 629 700 теңге сомасына 3 адамға тағайындалды:
- табиғи апаттардан зардап шеккендерге (өрт) -1 адам (138,0 мың.теңге)
- медициналық университетте оқуға. -1 адам (440,0 мың теңге)
- туберкулезге шалдыққан 1 адамға (51,7 мың.тг.)
Конституция күніне бірінші,екінші,үшінші топтағы мүгедектерге - 17 адамға 293 300 теңге сомасына;
Мейірімділік айлығында - базалық зейнетақы төлемінің ең аз мөлшері бар зейнеткерлерге 5 адамға -86 300 теңге сомасына төлем жасалды.
Денсаулық сақтау
Ауылда медициналық пункт жұмыс істейді. Саны 1 қызметкер-медбике. Жеңілдікті дәрілік препараттармен қамтамасыз ету толық көлемде жүзеге асырылады. 20 маусымда ауылда жылжымалы флюорограф жұмыс істеді, онда 241 адам тексеруден өтті – 100 %. Ай сайын педиатр маманы қабылдау өткізіп, балалар жоспарлы екпелерін алуда. Балалар және ересектер скринингтік тексеруі орындалды. Медициналық пункт ғимаратына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Кіре беріс темір есік орнатылды.
Мәдениет
13 711 дана кітап қоры бар, Қырық құдық ауылының кітапханасы жұмыс істейді. Қызметкерлер саны 1 қызметкер-кітапханашы.
Құқықтық тәртіп
Ауылға Степногорск қаласының Ақсу кенттік полиция бөлімшесі қызмет көрсетеді.
20 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 5 адам профилактикалық есепке алынды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 98 540 тг., одан 79 720 тг. өндірілді. Ауыр және аса ауыр қылмыстар орын алған жоқ.
Абоненттердің 100%-ы телефондандырылған, WI-FI, Қазақтелеком Акционерлік қоғамының байланысы бар. Сондай-ақ Kcell, Aktiv, Tele 2, Altel, Beeline ұялы байланысы және де Кселл мобильді интернеті бар.
Абаттандыру және санитария
Өткен кезеңде қысқы уақытта жолдарды қардан тазарту жүргізілді, оған қалалық бюджеттен 2 млн.500 мың теңге бөлінді.
Көктемде абаттандыру және санитарлық тазарту айлығы аясында 4 сенбілік өткізілді, шамамен 10 текше метр қоқыс шығарылды, сондай-ақ барлық бағаналар, ағаштар, бордюрлер ақталды.
1 млн.300 мың теңгеге 374 дана үйеңкі, қарағай, сирень, серебристый лох, черемуха көшеттері отырғызылды.
80 мың теңге сомасына 3 жол белгілері орнатылды. Жеңімпазы Степногорск қ. AB Вrand.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде қоғамдық жұмыстарда 5 адам жұмыс істейді. Олармен күн сайын ауылда тазалықты сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қырық құдық ауылының көшелерін орташа жөндеуге 304 млн. 440 тг. сомасына Мемлекеттік сатып алу жүргізілді. Екі жылдық жоба. Жеңімпазы Астана қаласының "Жол Торабы" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Сомасы 279 млн. 664 мың 672 тг.Үнемдеу 24 млн. 335 мың 768 тг. Бөгенбай батыр, Д.Қонаев, Ж.Жабаев көшелерінің жабынын орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Сомасы 70 млн. теңге.
20 млн.теңге сомасына балалар алаңын орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Жеңімпаз Жеке кәсіпкер Абишев С. Степногорск қаласы.
1 млн. 639 мың теңге сомасына 2 бейнебақылау жүйесі қойылды. Жеңімпаз Жеке кәсіпкер Стасевич Т.М. Щучинск қаласы.
310 мың теңгеге ағаштарды тәждеу бойынша жұмыстары өткізілді. Жеңімпаз Жеке кәсіпкер Есимов Б.К. Степногорск қ.
10-30 мамыр аралығында тұрғындардың тұрмыстық қоқыстарын шығару жұмыстары жүргізілді. 2500 текше метр қоқыс шығарылды.
1 млн. 485 мың теңгеге Металл қоршауларды орнату бойынша жұмыстар жүргізілді, сондай-ақ 3 млн. 900 мың теңгеге Ағаш қоршаулары орнатылды.
Өрт сөндіруге арналған жабдықтар сатып алынды (2 млн 710 мың теңге.).
892 857 теңге сомасына стихиялық қоқыс үйінділерін жою бойынша, топырақты тегістеу жұмыстары (1 млн.300 мың теңге.), жолдарды қиыршық-құм қоспасымен себу бойынша (1 млн. 750 мың тг.), қоқысты жинау және шығару (4 млн.419 мың 643 тг) жұмыстары жүргізілді.
М. Әуезов, А. Молдағұлова және И.Панфилов көшелеріндегі жарықтандыруды ағымдағы жөндеу бойынша, жеңімпазы КазСтройИнвест ЖШС жалпы соммасы - 3 млн.604 мың 241 тг., жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, қосымша 50 жарықтандыру шамы орнатылды.
Спорт залы, кітапханасы, 100 орындық акт залы бар мәдени-спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде.