Ақсу кенті әкімінің 2023 жылдағы атқарылған жұмыстары және 2024 жылдың жоспары туралы есебі

Ақсу кенті әкімінің 2023 жылдағы атқарылған жұмыстары және 2024 жылдың жоспары туралы есебі

 

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

Жұмыссыздық бойынша есепте 5 адам тіркелген.

Жыл басынан бері 35 жұмыссыз азаматтарға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді, олардың барлығы кент пен қаланың кәсіпорындары мен мекемелеріне тұрақты және уақытша жұмысқа орналастырылды.

«Аdelia Gold» ЖШС компаниясымен жұмысқа қабылдау басталды, барлығы 36 түйіндеме жіберілді, оның ішінде 10 адам жұмысқа орналастырылды.

2021 – 2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаның қатысушылары 8 адам, оның ішінде:    

- қоғамдық жұмыстарға жіберілді - 5 адам.

- жастар тәжірибесі бойынша – 1 адам (№1 Ақсу кентінің жалпы білім беру мектебі)

- бірінші жұмыс орны – 1 адам (Третьяк А.А.) ЖК

- грант алды - 1 адам - 1 380,0 мың теңге (мал.шар дамыту) – Л.С. Будушева

- «Бастау Бизнесі» бағдарламасы бойынша оқыту – 6 адам – (Д.Б. Лекеров, Т.А. Омельченко., Баландин Л.А., Гизатулина Г.М., Гаврилюк А.А., Ахтанов С.К.).

атаулы әлеуметтік көмек 1 273,0 мың теңге сомасына 4 отбасына (20 адам) тағайындалды.

А.Ю. Черняева., К.А. Булатова., Д.Е. Бексултанова, А.Н. надырова.

Шартты ақшалай көмек  – 2 отбасы, сонын ішінде 10 адам,

Шартсыз ақшалай көмек – 2 отбаксы, сонын ішінде 10 адам

Әлеуметтік көмек:   

Өтініштер бойынша – 20 адам (1 193,7 мың теңге) көрсетілді, оның ішінде:     

- табиғи апаттардан (өрттен) зардап шеккендерге - 4 адам (552,0 мың теңге)

- ауруға шалдыққан науқастар - 18 адам (792,4 мың теңге)

- тыл еңбеккерлері бойынша - 15 адам (427,4 мың теңге)

- мейірімділік айлығы (базалық төлемнің ең аз мөлшері бар зейнеткерлер) - 12 адам (207,0) мың теңге

- Конституция күніне орай (зейнеткерлік жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедек адамдар - 74 адам (1276,5 мың теңге)

 

Жылыту маусымы

Жылыту кезеңі штаттық режимінде өтуде. Халық үшін көмір қажеттілігі 6000 тоннаны құрайды, 4500 тонна қамтамасыз етілді.

Көмір «Ақсұнқар 2000» ЖШС теміржол тұйықтарына Шұбаркүл, Майкөбе, Екібастұз, Қаражыра және Богатырь маркалары әкелінді. Сонымен қатар төмендетілген бағамен (11866 теңге) Қаражар маркалы «Алтыналмас АК» АҚ тұрғындарды әлеуметтік көмірмен қамтамасыз етеді .

 

Аумақты абаттандыру және санитарлық тазалау.

- жолдарды қардан тазартуға - 2 275,0 мың теңге бөлінді;

- қоқысты шығаруға - 6 000,0 теңге бөлініп, 5860 тонна қоқыс шығарылды,      8 стихиялық полигон жойылды,

- 649,3 мың теңгеге саябақта 7000 дана гүл шоқтары отырғызылды;

- 1 885,0 мың теңге сомасына көше жарығын ұстауға және оны қамтамасыз етуге қаражат бөлінді;

- 10 000,0 млн. теңгеге 32 дана көше жарықтандыру тіректері С. Мұқанов, Н. Тілендиев және С. Сейфуллин көшелерінде орнатылды.

Сондай-ақ, «Алтыналмас АК» АҚ компаниясымен бірлесіп жобалар іске асырылды:

- Д. Қонаев, Әл-фараби, Пан Нұрмағамбет, М. Маметова, Жамбыл Жабаев және Ә. Молдағұлова көшелерінде 80 жарықтандыру тіректері орнатылды.

- М. Маметова көшесінде балаларға ойын алаңын орнатты

- Ақжол көшесінде және Ақсу ст. спорт алаңында 2 көше жаттықтыру

құралдарын орнатты

- мектептердегі ағымдағы жөндеу, мектепке жиһаз және жабдықтар сатып алынды. Жобалардың жалпы сомасы 60,6 млн. теңгені құрады.

 

Жолдар

Сондай-ақ, Ақсу кентіндегі басты жолды орташа жөндеуге жергілікті бюджеттен 50,0 млн. теңге бөлінді. Жоба екі жылдық, «Partners» ЖШС-мен шарт жасалды, жобаның жалпы сомасы 180,0 млн. теңгені құрайды. Биылғы жылға жұмыстар аяқталды, 700 метрге жуық жол жөнделді.

Станциядан Кварциткаға дейінгі жолдарды орташа жөндеу жобасы іске асырылмады. Мердігер өз міндеттерін орындамауына байланысты. Мердігерге әділетсіз деп тану және айыппұл төлеу туралы сотқа талап арыз берілді, қаражат бюджетке қайтарылды. Сот шешімімен «НордСтройКЗ» ЖШС мердігері мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы болып танылды.

ОБ-тен тротуарларды жайластыруға 19,5 млн.теңге бөлінді. Мердігер «СК Гарант» ЖШС Набиев көшесінен бастап Пан Нұрмағамбет көшесіне дейін ұзындығы 850 метр тротуар төсеу жұмыстарын жүргізді.

 

Мәдениет.

Мәдениет объектісінде терезе блоктары ауыстырылды және ғимараттың қасбеті жөнделді осы мақсаттарға ОБ-тен 25 277 409 теңге бөлінді.

 

Білім

Барлық мектептерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ақсу кентінің № 2 жалпы білім беретін мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жоба екі жылдық, мердігер «ГрадСтройСервис» ЖШС. Биылғы жылы облыстық бюджетінен 196 млн. 485 мың теңгеге шатырды жөндеу, жылыту жүйесі мен терезе блоктарын ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

 

Ұялы байланыс және интернет

Ақсу кентінде интернет пен мобильді байланысының сапасын жақсарту мақсатында «Кар-Тел» ЖШС компаниясымен Beeline мобильді байланыс операторымен дабыл тарату мачтасы орнатылды. Жалпы байланыс радиусы 9 км, интернет – 6 км құрайды. Бүгінгі таңда байланыс сапасы мен интернет жақсарды.

 

2024 жылдың жоспары

 

2024 жылға арналған Бюджет 92 млн. 116 мың теңгені құрайды., оның ішінде:

-көше жарығын орнату және оған қызмет көрсету 15 млн. 48 мың теңге., мемлекеттік сатып алу өткізілді, «МЕД МАР» ЖК-мен шарт жасалды

- стихиялық қоқыстарды жою 3 млн. тг.

- абаттандыру және көгалдандыру (балалар алаңы, бір жылдық гүл отырғызу) 15 млн.446 мың тг.

-жолдарды қардан тазарту 3 млн. тг. мемлекеттік сатып алу өткізілді, шарт «Таза қала» ЖШС-мен жасалдО

Дата публикации
26 марта 2024