Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп

Қазақстан Республикасының

Экономика және бюджетті

жоспарлау министрінің

2013 жылғы 25 маусымдағы

№193 бұйрығына

 

 

 

Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есеп

 

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына және «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 126 бұйрығына сәйкес «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік қызметтерін көрсетеді.

2023 жылы "Отбасы банк "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ сенім білдірілген агентінің интернет - ресурсы арқылы әлеуметтік қолдау шараларын алуға 3 өтініш келіп түсті, оның ішінде:

көтерме жәрдемақы-1;

тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит - 2.

Оның ішінде:

көтерме жәрдемақы – 1;

тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит - 2.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптарға сәйкес мемлекеттік қызмет мерзімінде көрсетіледі.

«Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат ақпараттық стендінде орналастырылған.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мемлекеттік бақылау, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және қоғамдық мониторинг жүргізу қағидаттарға негізделеді:

1) заңдылық;

2) объективтілік;

3) бейтараптық;

4) шынайылық;

5) жан-жақтылық;

6) ашықтық.

Мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан 2023 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін  «Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

Анықтама телефоны: 8(71645) 73689.

 

 

Бөлім басшысы                                                                           Ш. Төлегенова

 

Степногорск қаласының экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласынд

Дата публикации
28 февраля 2024