2023 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша "Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің" ММ қызметінің есебіслуг за 2023 год

Қазақстан Республикасының

Экономика және бюджетті

жоспарлау министрінің

2013 жылғы 25 маусымдағы

№193 бұйрығына

 

 

2023 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша

    "Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және     

                        спорт бөлімінің" ММ қызметінің есебі

 

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі болып табылады.

 Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:

  1. Көрсетілетін қызметті алушыларға шығу тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімі, тұрғылықты жері немесе кез келген өзге мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсітусіз тең қолжетімділік;
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде бюрократия мен әуре сарсаң көріністеріне жол бермеу;
  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік және ашықтық;
  4. Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
  5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін үнемі жетілдіру;
  6. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі үнемділік пен тиімділік.

"Степногорск қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы"Қазақстан Республикасының 15.04.2013 жылғы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.

Мемлекеттік мекеме екі мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. "Спорттық разрядтарды беру: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы және біліктілік санаттары: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы - оқытушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі жаттықтырушы-оқытушы екінші санатты, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт спорт төрешісі"

Мемлекеттік қызмет Жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: Электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз.

2023 жылы ЭҮП арқылы 34 қызмет көрсетілді.

  1. "Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және пайдалану"

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: Электрондық (ішінара автоматтандырылған) / қағаз..

2023 жылы өтініштер түскен жоқ.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат "Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ-де ақпараттық стендте қоғамдық орындарда орналастырылған, сондай-ақ әлеуметтік желілерде жарияланады.

 

2023 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан "Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ-не шағымдар түскен жоқ.

Байланыс ақпараты:

"Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі"ММ 4 шағын аудан, 1 ғимарат, телефон 7-36-94.

Қабылдау жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.

 

 

Бөлім басшысы                                                                        А. Тұқмағанбетов

 

2023 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша "Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің" ММ қызметінің есебіслуг за 2023 год

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
28 февраля 2024