«Б» корпусының бос төменгі болып табылмайтын мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс

«Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімінің аппараты» ММ (индексі 021501, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 4 шағынаудан № 1 ғимарат, 42а кабинет, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(716-45)6-12-80, электрондық мекенжайы: kadry@stepnogorsk.gov.kz) «Б» корпусының бос төменгі болып табылмайтын мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Степногорск қаласының әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы, «Е-3» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 112 711 теңгеден 152 034 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: бөлімді жалпы басқару, әкімнің шешімдердің, өкімдердің және әкімдіктің қаулыларын шығару кезінде заңнамалық қамтамасыз ету, кенттер, ауыл және ауылдық округтерімен, әділет органдарымен, құқық қорғау және сот органдарымен кінәрат-талаптық куыну жұмысы бойынша әрекеттестік жасауды қамтамасыз ету, қала әкімі, оның орынбасарлары, қала әкімі аппаратының басшысы тапсырмасы бойынша қорытынды, өзге құжаттарды дайындау; қала әкімі (шешімдер, өкімдер) және қала әкімдігі (қаулылар) құқықтық актілері жобаларының құқықтық сараптамадан өткізу; қала әкімі мен әкімдігінің жұмыс болашақ және күнделікті жоспарларын орындау, кәсіби емес медиаторлар тізіліміне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бойынша жоспарлар, бағдарламаларды орындау шеңберінде үйлестіруді қамтамасыз етуге, Степногорск қаласында есірткі бизнесті және есірткіге қарсы жолданған мемлекеттік органның қызметіне және Степногорск қаласы әкімдігінің жанында құқықбұзушылықтың алдын алу жөнінде комиссияға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу мәселесі жөніндегі комиссияға, Степногорск қаласында есірткі бизнесті және есірткіге қарсы жолданған мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру жөнінде қалалық штабына бақылауды жүргізу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: құқық саласында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында не республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында бір жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

8) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

2) Степногорск қаласының Шантөбе кенті әкімі аппаратының бас маманы, «E-G-3» санаты, 1 бірлік (негізгі қызметкердің 2022 жылдың 21 қыркүйегіне дейінгі бала күтімі бойынша демалысы кезіне)

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 90 963 теңгеден 122 463 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: мемлекеттік басқару органдармен, қоғамдық, мәдени, шығармашылық, діни бірлестіктермен, саяси партиялар мен қозғалыстармен өзара әрекеттестігі, жоғары органдармен және кент әкімінің қатысуымен іс-шараларды ұйымдастыруын қамтамасыз ету, қызметтік құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау, оларды қабылдауды ұйымдастыру, құжат айналымын талдау, азаматтардың хаттарымен жұмыс жасау, әскери міндеттілерді есепке алуды жүргізу, ҚР қарулы күштері қатарына шақыру және жыл сайынғы есепке алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бойынша нормативтік-құқықтық актілердің орындалуын қамтамасыз ету, ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтамасыз ету мен жұмыссыздарды кәсіби дайындау мен қайта дайындау, халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар ұйымдастыру, салық төлеушілерді және салық салу объектілерін есепке алуды жүргізу, өз құзыреті шегінде салық заңнамасын түсіндіру бойынша салық төлеушілер арасында жұмыс жүргізу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе өнер немесе жаратылыстану ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе қызметтер немесе әскери іс және қауіпсіздік немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету немесе ветеринария саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында не республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін 1 жұмыс күнінен кешіктірмей Степногорск қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі.

Тіркелу үшін тұлғалар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Басқарушы лауазымдарына үміттелген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе комиссиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Жалпы конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралықстипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім берусаласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Степногорск қала әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Олар ұсынылмаған жағдайда тұлға конкурстық комиссиямен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар Степногорск қаласы әкімінің және мемлекеттік қызмет істері саласындағы уәкілетті органның сайтында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде ұсынылуы қажет.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер әңгімелесуді Степногорск қаласы әкімінің аппаратында оларды әңгімелесуге жіберу туралы үміткерлерді хабардар ету күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.

Конкурсқа қатысу бойынша шығындар (конкурсты өткізу орнына келіп-кету, тұратын орынды жалдау және т.б.) азаматтармен өз қаражатының есебінен жүргізіледі.

Конкурсқа қатысушылар және үміткерлер уәкілетті органдарға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне, немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурстық комиссияның шешіміне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін. Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны_____________________________ ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА
КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ
ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

______________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/

фамилия, имя, отчество (при наличии))

_______________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болғанжағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
Туылған күні және жері/
Дата и место рождения
 
Ұлты/Национальность (по желанию)  
Оқуорнынбiтiргенжылыжәнеоныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
 
Мамандығыбойыншабiлiктiлiгiғылымиатағы (болғанжағдайда)/
Квалификация по специальности,ученая степень, ученое звание (при наличии)
 
Шеттiлдерiнбiлуi/
Владение иностранными языками
 
Мемлекеттiкнаградалары, құрметтiатақтары(болғанжағдайда)/ Государственные награды, почетные звания (при наличии)  
Дипломатиялықдәріжесі, әскері, арнайыатақтарысыныптықшенi(болғанжағдайда)/ дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)  
Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізітуралымәлiмет(болғанжағдайда)/
вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
 
Соңғыүшжылдағықызметініңтиімділігінжылсайынғыбағалаукүні мен нәтижесі, егерүшжылдан кем жұмысістегенжағдайда, нақтыжұмысістегенкезеңіндегібағасыкөрсетіледі (мемлекеттікәкімшілікқызметшілертолтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае,если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)  

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Датақабылданған/ приема Күні/Датабосатылған/ увольнения Күні/Дата қызметі, жұмысорны, мекеменіңорналасқанжері /должность,местоработы,местонахождениеорганизацииқабыл-данған/приемабосатылған/увольнения
     
     
     
     
     
Кандидаттыңқолы/Подпись кандидата____________күні/дата_________    
Дата публикации
03 марта 2020