«Б» корпусының бос төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

«Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімінің аппараты» ММ (индексі 021501, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 4 шағынаудан № 1 ғимарат, 42а кабинет, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(716-45)6-12-80, электрондық мекенжайы: kadry@stepnogorsk.gov.kz) «Б» корпусының бос төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Степногорск қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, санаты «E-4», 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 100 766 теңгеден 115 437теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: әділет органдары, құқық қорғау және сот органдарында, сондай-ақ басқа да органдарында әкімінің, әкімдіктің, әкім аппаратының мүдделеріне өкілдік ету, нормативтік – құқықтық және басқа да құқықтық мәселелер жобаларын әзірлеу, жемқорлыққа қарсы жолданған шаралардың үйлесуін іске асыру Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау бойынша шараларын әзірлеу және іске асыру, жалпыға бірдей оқытуды ұйымдастыру, нормалық шығармашылық процестің ахуалына талдау жүргізу, құқықтық мәселелері бойынша қала әкімдігі, қала аппаратының лауазымды тұлғаларына кеңес беру, кәсіби емес медиаторлар тізіліміне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бойынша жоспарлар, бағдарламаларды орындау шеңберінде үйлестіруді қамтамасыз етуге, Степногорск қаласында есірткі бизнесті және есірткіге қарсы жолданған мемлекеттік органның қызметіне және Степногорск қаласы әкімдігінің жанында құқықбұзушылықтың алдын алу жөнінде комиссияға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу мәселесі жөніндегі комиссияға, Степногорск қаласында есірткі бизнесті және есірткіге қарсы жолданған мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру жөнінде қалалық штабына бақылауды жүргізу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: құқық саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында не республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің мәдениет және спорт секторының бас маманы, «E-R-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 95 210 теңгеден 128 834 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Іс номенклатурасына сәйкес бөлімнің іс қағаздарын жүргізу, құжаттарды жүйелеу және сақтау. Бөлімнің кадр жұмысын жүргізу, жеке істерді қалыптастыру, мекеме және кәсіпорын басшыларының, бөлім қызметкерлерінің еңбек кітапшаларын ресімдеу, бұйрықтар кітабын жүргізу, марапаттауға материалдарды дайындау, бөлім қызметкерлеріне қажетті анықтамаларды беру, жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін есепке алу және тіркеу, ЭҚАБЖ бағдарламаларында, "Е-қызмет" интеграцияланған ақпараттық жүйесінде электрондық құжаттармен жұмыс»

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: білім беру немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе өнер немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе жаратылыстану ғылымдары немесе қызметтер (әлеуметтік-мәдени сервис, әлеуметтік жұмыс, туризм, мәдени-демалыс жұмысы, логистика (салалар бойынша), Кітапхана ісі) саласында жоғары білім, мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында не республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

3) Степногорск қаласының Қарабұлақ селосы әкімі аппаратының бас маманы, «E-G-3» санаты, 1 бірлік (негізгі қызметкердің 2022 жылдың 22 тамызына дейінгі бала күтімі бойынша демалысы кезіне. Негізгі қызметкер аталмыш мерзім аяқталғанға дейін әлеуметтік демалыстан жұмысқа шығуға құқылы).

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 90 874 теңгеден 122 463 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: заң бойынша кеңес беру, азаматтардың үндеулерін, өтінімдерін және шағымдарын уақытылы және сапалы қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі іс шараларды қабылдау, ҚР Конституциясының нормаларын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін азаматтар мен занды тұлғалармен орындауға көмек көрсету, қала әкімінің, облыс әкімінің өкімдері мен тапсырмалары, шешімдері, жоғары органдарының құжаттарын сапалы және уақытылы жүзеге асыру, құжаттармен жұмыс жүргізу, ауыл әкімі аппаратының болашақтағы және ағымдағы жоспарларының жобаларын әзірлеу, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру, ақпараттық – аналитикалық жұмыс пен мониторинг әдістері мен нысандарына ие болу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес немесе өнер немесе жаратылыс ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе қызметтер немесе әскери іс және қауіпсіздік немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету немесе ветеринария саласында жоғары білім, мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында не республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

4) Степногорск қаласының Бөгенбай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, «E-G-3» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 90 874 теңгеден 122 463 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: осы лауазымдық нұсқауларға және басқа да ңұсқаулық құжаттарға сәйкес қатан жұмыс істеу, заң бойынша кеңес беру, азаматтардың үндеулерін, өтінімдерін және шағымдарын уақытылы және сапалы қарау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі іс шараларды қабылдау, Қазақстан Республикасы конституциясының нормаларын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін азаматтар мен занды тұлғалармен орындауға көмек көрсету, қала әкімінің, облыс әкімінің өкімдері мен тапсырмалары, шешімдері, жоғары органдарының құжаттарын сапалы және уақытылы жүзеге асыру, құжаттармен жұмыс жүргізу, ауыл әкімі аппаратының болашақтағы және ағымдағы жоспарларының жобаларын әзірлеу, олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру, ақпараттық – аналитикалық жұмыс пен мониторинг әдістері мен нысандарына ие болу.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес немесе өнер немесе жаратылыс ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе қызметтер немесе әскери іс және қауіпсіздік немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету немесе ветеринария саласында жоғары білім, мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында не республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде өткізіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

2) және 3) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, Степногорск қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Степногорск қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 27-бабы 8-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – Уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар Уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы

Нысан

__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын

транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

______________________

______________________

______________________

Мекен жайы: ______________________

Байланыс телефоны: ______________________

e-maіl: ______________________

ЖСН: ______________________

_________ ___________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

"___"_______________ 20 __ ж.

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
3-қосымшасы

Нысан

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА
КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ
ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)
_______________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
_______________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный
идентификационный номер)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері /
Дата и место рождения
 
2. Ұлты (қалауы бойынша) /
Национальность (по желанию)
 
3. Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /
Семейное положение, наличие детей
 
4. Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /
Год окончания и наименование учебного заведения
 
5. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
 
6. Шетел тілдерін білуі /
Владение иностранными языками
 
7. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
 
8. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
 
9. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /
Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
 
10. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
 
  ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
  Күні / Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /
должность*, место работы, местонахождение организации
  қабылданған /
приема
босатылған /
увольнения
 
       
  _____________________
Кандидаттың қолы /
Подпись кандидата
_______________
күні / дата

 

* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады

Дата публикации
11 августа 2020