«Б» корпусының бос төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы

«Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімінің аппараты» ММ (индексі 021501, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 4 шағынаудан № 1 ғимарат, 42а кабинет, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(716-45)6-12-80, электрондық мекенжайы: kadry@stepnogorsk.gov.kz) «Б» корпусының бос төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

«Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ ұйымдастыру-бақылау секторының бас маманы, «E-R-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 95 210 теңгеден 128 834 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Тұрғын үй мәселелері бойынша бөлімнің жұмысын үйлестіру және талдау; сот органдарында бөлімнің мүдделерін білдіру; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін есепке алу және орындалуын бақылау; әкімдік отырыстарын, семинарларды дайындауға және өткізуге қатысу, кадрлық жұмыс және іс қағаздарын жүргіз «Е-қызмет» базасын жүргізу; бөлім ұйымдастыратын аппараттық кеңестер мен басқа да іс-шаралар; өз құзыреті шегінде жеке және заңды; сот талқылауларына құжаттарды дайындау, сот органдарына талап-арыз беру, одан әрі сүйемелдеу; «ЕУОЛ» ААЖ базасын бақылау және өтініштердің уақтылы орындалуын бақылау; «ЕСЕДО» базасымен жұмыс істеу; "облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету; бөлімді заңды сүйемелдеу; мемлекеттік мекемеге ұсынылатын шарттар жобаларының заңнамаға сәйкестігін тексеру; «ЕУОЛ» ААЖ базасын; шарттардың ішкі жобаларын әзірлеу; бөлімге келіп түсетін шағымдардың есебін жүргізу және оларды қарау; келіп түскен шағымдардың жауаптарын дайындау, оларды контрагенттерге жіберу және контрагенттерге жіберілген наразылықтардың қанағаттандырылуын реттеу; талап қою жұмысын жүргізу: Бөлімге талап қою бойынша талап арыздарды зерделеу, құқықтық сипаттағы құжаттарды әзірлеуге қатысу; сотқа, тергеу және сот органдарына беру үшін ұрлау, ысырап ету, кем шығу және өзге де құқық бұзушылықтар туралы материалдарды дайындау, өндірістегі және аяқталған сот істерін есепке алу және сақтау; шарттар жасасу, олардың құқықтық сараптамасын жүргізу, сондай-ақ сот орындаушыларында дебиторлық және кредиторлық берешек туралы мәселелерді қарау жөніндегі жұмысқа қатысу; наразылықтарды қарауға қатысу, наразылықтарды қарау практикасын қорытуды жүзеге асыру, сотта істерді қарау кезінде бөлім мүддесін; талап-арызға жауап дайындау үшін, сотқа талап-арыз дайындау үшін ведомстволық бағынысты ұйымдардың анықтамаларды, есептеулерді, түсініктемелерді және басқа да материалдарды уақытылы ұсынуын бақылау; бөлімде шығарылған күші жойылған бұйрықтар мен басқа да актілерді өзгерту немесе күшін жою туралы шешімдердің жобаларын дайындау; Бөлім қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер бойынша қорытынды беру; бөлім қызметкерлерін ҚР қолданыстағы заңнамасы және ондағы өзгерістер туралы хабардар ету, ведомстволық бағынысты ұйымдардың лауазымды тұлғаларын олардың қызметіне қатысты; шарттық дауларды реттеу тәртібін орындау бойынша шаралар қабылдау, талап-арыздар мен материалдарды дайындау және оларды соттарға беру (жалпы юрисдикция соттары және мамандандырылған ауданаралық соттар); жұмыс органы «Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылатын консультативтік-кеңесші органдардың жұмысын ұйымдастыру; аудан әкімдігінің отырыстарын, семинарларды, аппараттық кеңестерді және басқа да іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысу.; бөлім басшысы белгілеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: техникалық ғылымдар және технологиялар (көлік, көлік техникасы және технологиясы немесе жылу энергетикасы немесе электр энергетикасы немесе құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру), немесе қызмет көрсетулер (тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану, логистика (салалар бойынша) немесе құқық (юриспруденция, халықаралық құқық, кеден ісі) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы Заңға сәйкес дербес білім беру ұйымында не республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Құзыреттер бойынша талаптар 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу нәтижелері бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде қолданыстағы қорытындысын алған адамдарға қолданылмайды.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығыменбекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде өткізіледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін 1 жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі.

Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi; «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі. Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесі арқылы кандидат:

- құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды жарияланған лауазым санаты үшін тестілеу бағдарламасы бойынша шекті мәннен төмен емес нәтижемен заңнаманы білуге тестілеуден өткені туралы сертификат;

- конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жарамды шекті мәннен төмен емес нәтижемен жеке қасиеттерін бағалаудан өту туралы қорытынды.

Жоғарыдағы 3), 4), 5), 7), 8), тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

Құжаттарды электрондық түрде мемлекеттік органның электрондық поштасына ұсынған кезде олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын ұсынылады.

Олар ұсынылмаған жағдайда тұлға конкурстық комиссиямен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар Степногорск қаласы әкімі аппаратының және уәкілетті органның сайтында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен кейінгі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде ұсынылуы қажет.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күні Степногорск қаласы әкімі аппаратында өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені___________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауғ аміндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекенжайы және байланыс телефоны______________________________

____________________________________________________________________

_________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

"___"_______________ 20 __ ж.

Приложение 3
к Правилам проведения конкурса
на занятие административной
государственной должности корпуса «Б»
Форма

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА
КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ
ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

___________________________________

(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/

фамилия, имя, отчество (при наличии))

_______________________________

лауазымы/должность, санаты/категория

(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
Туылған күні және жері/
Дата и место рождения
 
Ұлты /Национальность (по желанию)  
Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
 
Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi ғылыми атағы (болған жағдайда)/
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
 
Шет тiлдерiн бiлуi/
Владение иностранными языками
 
Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары (болған жағдайда)/ Государственные награды, почетные звания (при наличии)  
Дипломатиялық дәріжесі, әскері, арнайы атақтары сыныптық кшенi(болған жағдайда)/дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)  
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі туралы мәлiмет (болған жағдайда)/
вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
 
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттікӘкімшілік қызметшілер толтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае,если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполня-ется государственными служащими)  

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Датақабылданған/ приема Күні/Датабосатылған/ увольнения Күні/Дата қызметі, жұмысорны, мекеменің орналасқан жері /должность, место работы, местонахождениеорганизации қабыл-данған/приема босатылған/увольнения
     
     
     
     
     
     
Кандидаттың қолы/Подпись кандидата_______________күні/дата_________    
Дата публикации
14 августа 2020