«Ақмола облысының Степногорск қаласы әкiмiнiң аппараты» ММ (индексi 021501, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 4 шағын аудан, №1 ғимарат, 42а кабинет, анықтама алу үшiн телефон: 8-716-45-6-12-80, электрондық мекенжайы: kadry@stepnogorsk.gov.kz) Ақмола облысы жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк қызметшiлерi арасында «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға iшкi конкурс жариялайды:
Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдармалар бөлiмiнiң ұйымдық-бақылау секторының меңгерушiсi, E-R-3 санаты, 1 бiрлiк.
Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 106 358 теңгеден 142 814 теңгеге дейiн.
Негiзгi функционалдық мiндеттерi: бөлiмнiң қызметiн ұйымдастыру, ҚР заңдарын және халықты әлеуметтiк қорғау және мемлекеттiк қызметтердi көрсету саласындағы басқа нормативтiк-құқықтық актiлерiнiң сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi, сонымен қатар мемлекеттiк қызметтер бойынша есептердi құрастыру. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер сапасын талдау және мониторинг жасау. Бөлiм қызметi бойынша халық арасында ақпараттық-түсiндiрмелi жұмыстарды жүргiзу. Әлеуметтiк қорғау мәселелерi, мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша азаматтарды қабылдау. Азаматтардың жеке санаттарының заңды өкiлi ретiнде сот процестерiне қатысу. ҚР заңнамасын меңгеру бойынша құқықтық бiлiм мектептерiнiң қызметiн жүзеге асыру, азаматтарды әлеуметтiк қорғау саласы мен мемлекеттiк қызметтер туралы оқыту семинарларын өткiзу.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: бiлiм немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтiк ғылым, экономика және бизнес немесе қызметтер (әлеуметтiк жұмыс) саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм.
«Назарбаев Университетi», «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» және «Назарбаев Қоры» мәртебесi туралы Заңға сәйкес дербес бiлiм беру ұйымында не республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша шетелдiк жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық мiндеттерiне сәйкес келетiн жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм.
Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару, шешiм қабылдау, көшбасшылық.
Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:
мемлекеттiк лауазымдарда жұмыс өтiлi бiр жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi екi жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi бiр жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттiк лауазымдарда жұмыс өтiлi екi жылдан кем емес, оның iшiнде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегi немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екi жылдан кем емес;
5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесiнiң бар болуы;
7) Президенттiк жастар кадр резервiне алынған тұлғалар үшiн жұмыс өтiлi бес жылдан кем емес.
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi ‒ Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi (3 жұмыс күнi), ол iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi Уәкiлеттi орган) интернет-ресурсында жарияланғаннан кейiн келесi жұмыс күнiнен бастап есептеледi.
Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.
Iшкi конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар тапсырылады:
Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 14436 болып тiркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған) бекiтiлген, тиiстi персоналды басқару қызметi құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде растаған мемлекеттiк қызметшiнiң қызметтiк тiзiмi.
Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негiз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Iшкi конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны әңгiмелесуге кандидаттарды жiберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн iшiнде конкурс жариялаған мемлекеттiк органдарда өтедi.
Iшкi конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттармен әңгiмелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткiзiлуi мүмкiн.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретiнде Қазақстан Республикасының жасы он сегiзден кем емес азаматтары, оның iшiнде Уәкiлеттi органның қызметкерлерi қатыса алады (бұдан әрi Уәкiлеттi орган). Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлға әңгiмелесу басталғанға дейiн екi сағаттан кешiктiрмей персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) хабарлайды. Хабарлама конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар Уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметiнiң (кадр қызметiнiң) шешiмiне шағымдана алады.
«Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттiк орган)
Өтiнiш
Менi __________ бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
______________________________________________________
«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.
Менiң жеке мәлiметтерiмдi, оның iшiнде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәлiметтерiмдi жинауға және өңдеуге рұқсатымды бiлдiремiн.
Мемлекеттiк органның интернет-ресурсында менiң әңгiмелесуiмнiң бейнежазбасыy транляциялауға және орналасуға келiсiм беремiн __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.
Қоса берiлген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мекен жайы: ______________________
Байланыс телефоны: ______________________
e-mail: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))
«____»_______________ 20__ ж.