Степногорск қаласының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

Степногорск қаласының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы

Өнеркәсіп

Кәсіпорындар 2023 жылы 401,5 млрд. теңгеге тауар өнімін өндірді, өнеркәсіптік өндіріс индексі 100,1% -. құрады.

Ақмола облысының өнеркәсіптік өндірісіндегі Степногорск қаласының үлесі
23,2 % құрады.

Өнеркәсіптік кәсіпорындар тауарлық өнім өндірді:

- алтын - 6,2 мың кг;

- мойынтіректер - 20,2 мың тонна;

- уран - 1,6 мың тонна;

- мыс концентраты - 12,7 мың тонна;

- өсімдіктерді қорғау құралдары - 4,9 мың тонна;

- электр энергиясы - 543,9 млн. кВтсағ;

- жылу энергиясы - 859,7 мың Гкал;

- күкірт қышқылы - 192,7 мың тонна;

- спирт - 4477 мың л.;

- қысқы дизель отыны - 32,8 мың тонна;

- сирек жер металдарының ұжымдық концентраттары - 252 тонна.

Индустриялық-инновациялық даму шеңберінде «АDELYA GOLD» ЖШС кенді қайта өңдеу бойынша модульдік байыту фабрикасын салу жобасы іске асырылды.

Сондай ақ өндіріс бойынша инвестициялық жобалар іске асырылуда:

- электролиттік марганец - «Sareco» ЖШС;

- металл бұйымдары - «Целингормаш» ЖШС.

Инвестициялар

Қала экономикасына 25,8 млрд. теңге инвестиция салынды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ 81,7 %.

Кәсіпкерлікті дамыту

2024 жылғы 1 қаңтарға әртүрлі салаларда 3718 шағын және орта бизнес субъектілері немесе 2022 жылғы деңгейге 102% қызметін жүзеге асырады.

Тіркелген субъектілер қатарындағы жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі 93,7% құрады. Жыл басынан бері 832 жаңа жұмыс орны құрылды немесе 2022 жылғы деңгейге 106%.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде:

- 798,4 млн. теңге кредит сомасына 21 жоба субсидияланады;

- 474,5 млн. теңгеге 10 жоба кепілдік алды.

Бөлшек тауар айналымы 34,7 млрд. теңгені құрады, НКИ-101,9 %.

2023 жылға Степногорск өңірі мен облыстың және Астана қаласының жақын маңдағы аудандарының тауар өндірушілерінің қатысуымен 52 жәрмеңке өткізілді, онда 2023 жылы 576,6 млн.теңге сомаға немесе 2022 жылға қарай 102% өнім сатылды.

Бюджет

2023 жылда бюджеттің барлық деңгейлеріне 212,5 млрд.теңге сомасына салықтар мен төлемдер түсті немесе өткен жылдың кезеңіне – 467,2%. Жергілікті бюджетке - 16,6 млрд. теңге немесе өткен жылдың кезеңіне – 117,7 %, оның ішінде қалалық бюджетке – 8,5 млрд.теңге немесе өткен жылдың кезеңіне – 162,2%. Республикалық және облыстық бюджеттерден берілетін трансферттерді ескере отырып, 16,2 млрд.теңге немесе жоспарға 99,6% игерілді.

Ауыл шаруашылығы

Жалпы өнім 6,8 млрд. теңгеге шығарылды, НКИ-76,4 %.

Мал мен құс басы: ІҚМ – 16,8 мың, жылқы-16,5 мың, қой мен ешкі –

21,4 мың, құстар – 23,6 мың, шошқалар – 248.

2023 жылы Қарабұлақ және Бөгенбай ауылдарында 104 басқа арналған
2 ет фермасы ашылды.

Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының көлемі 11,6 млрд. теңгені құрады.
НКИ-84,6%. 4849 ш.м. немесе 2022 жылғы деңгейге 145,4% тұрғын үй пайдалануға берілді.

Тұрғын үй құрылысы шеңберінде 45 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді
(5-позиция).

Сондай-ақ, 2 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде (1,6 позиция).

Нысандардың құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде:

         - «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында Қарабұлақ ауылындағы Мәдениет үйі;

- Бестөбе кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру және ашық спорт кешендері;

- жабық хоккей корты;

- қаладағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені.

Инфрақұрылым

                2023 жылы жобалар іске асырылды: 

- қаланың 12 аула аумағын абаттандыру;

- Шантөбе, Бестөбе, Заводской кенттерінде және Байқоңыс, Қырық құдық ауылдарында аула аумақтарын абаттандыру;

- Новосибирская көшесін қайта жаңарту;

- Степная көшесін қайта құру;

- қаланың автомобиль жолдарын орташа жөндеу;

- Ақсу, Бестөбе, Заводской, Шантөбе кенттеріндегі көше жолдарын орташа жөндеу;

- Байқоңыс және Изобильное ауылдарындағы жолдарды көшелерді орташа жөндеу;

- «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында Қарабұлақ және Қырық құдық ауылдарындағы көше жолдарын орташа жөндеу.

- қалалық зират арқылы кіреберіс жолды жарықтандыру.

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға
372 адам енгізілді:

- жастар практикасы - 60 адам; 

- қоғамдық жұмыстар - 75 адам;

- қысқа мерзімді кәсіптік оқыту - 24 адам;

- әлеуметтік жұмыс орындары - 25 адам;

- бірінші жұмыс орны - 19 адам;

- күміс жас - 12 адам;

- ұрпақтар келісімшарты - 2 адам;

- гранттар - 14 адам;

- «Бастау-бизнес» оқыту - 141 адам.

2024 жылдың 1 қаңтарына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 3470 адам өтініш білдіріп, 1878 адам жұмысқа орналастырылды.

2023 жылы 2826 жаңа жұмыс орны құрылды.

4328 адамға әлеуметтік көмек тағайындалды, оның ішінде:

 - атаулы әлеуметтік көмек – 174 отбасы/796 адам;

- тұрғын үй көмегі 44 отбасы/79 адам;

- азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек 3329 адам;

- үйде оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету - 18 адам;

- мұғалімдерге отын - 106 адам.

271 адамға әлеуметтік қызмет көрсетілді:

- «Инватакси» - 68 адам;

- жеке көмекші және сурдоаудармашы - 23 адам;

- жартылай стационар жағдайында - 30 адам;

- егде жастағы адамдар үшін - 18 адам;

- тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына «Өмір» әлеуметтік қолдау орталығында - 18 отбасы/62 адам;

- орталықта белгілі бір тұрғылықты жері жоқ және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін - 70 адам.

Білім

         Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 2488 тәрбиеленуші, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100%, 1 – ден 6-ға дейін-82% құрайды.

         Орта білім беру оқушыларының саны 10121 оқушыны құрады.

         Облыстық және республикалық олимпиадаларда оқушылар 30 жүлделі орынға ие болды.

         Ағымдағы жылдың наурыз айында 75 орындық «Райхан-Ана» Жеке балабақшасы ашылды.

Денсаулық сақтау

Туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 11,5 құрады, жалпы өлім-жітім –

1000 адамға 8,9.

Орталық қалалық аурухана базасында медицина колледжінің филиалы ашылып, 50 студент қабылданды.

Қалалық аурухананың материалдық-техникалық базасын нығайту шеңберінде:

- оперблокпен реанимацияны күрделі жөндеу жұмыстары басталды;

- медициналық жабдықтар сатып алынды.

2023 жылы Заводской кентіндегі «VIAMEDIS» емханасының филиалына жөндеу жұмыстары аяқталды.

Мәдениет және спорт

2023 жылы 187 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілді. Халықты дене шынықтыру және спортпен қамту көрсеткіші 39,3% құрады. 

2023 жылы қалада ұлттық және халықтық спорт түрлері бойынша «Құлагер» облыстық спартакиадасы өтті, онда қала құрамасы облыс қалалары арасында
1 жалпыкомандалық орынға ие болды.

Қала құрамасы «Ақ бидай» жазғы облыстық спартакиадасында қалалар арасында жалпы командалық 2-орынды иеленді.

Изобильное ауылында ауылдық клубтың жанынан жаттығу залы ашылды.

2023 жылы қала мен кенттердің мәдениет ұйымдарында 3,5 мыңнан астам
іс-шара өткізілді. Мәдениет мекемелерінде 88 клубтық құрамада 2,4 мың қатысушы жұмыс істейді.

Облыстың клубтық мәдени нысандары арасындағы рейтинг қорытындысы бойынша «Горняк» орталық мәдениет сарайы «Жыл үздігі – 2023» Мәдениет саласының қызметкерлері мен көркемөнерпаздар ұжымдары арасында өткен облыстық байқауда жеңімпаз атанды.

Қоғамдық қауіпсіздік

2023 жылы Степногорск өңірінің аумағында 463 құқық бұзушылық тіркелген. Ашылу деңгейі 96% құрады. 10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыс деңгейі - 70,1 бірлік.

 

 

 

Дата публикации
24 января 2024