Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 27 желтоқсандағы №131/626 қаулысымен жарғылық қызметіне сайлауды бақылау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу қағидалары бекітілді.
Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарға берілген аккредиттеу туралы куәлік оларға бір облыс шегінде, бір жыл ішінде "Қазақстан Республикасының сайлауы туралы" Конституциялық заңмен реттелетін барлық сайлауға қатысуға мүмкіндік беретінін еске салады (2-тарау, 13-тармақ).