БЕКІТЕМІН
Қырық құдық
ауылының әкімі
___________Д. Жахин
Қырық құдық ауылының азаматтық жиынының
ХАТТАМАСЫ
10-00 сағат 22.11.2023 ж
Төрағалық етуші:
Степногорск қаласының әкімі – А.Қ. Қайыржанов
Қатысқандар: Қырық құдық ауылының әкімі – Дулат Төлегенұлы Жахин, мемлекеттік органдардың басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, «Viamedis» ЖШС бас дәрігері, «Степногорск-су арнасы» ШЖҚ МКК директоры, «Степногорск қ. Мансап орталығы» филиалының директоры, жергілікті қауымдастық құрамы және Қырық құдық ауылының тұрғындары.
Барлығы: 57 адам қатысты
КҮН ТӘРТІБІ:
Қырық құдық ауылының әкімі Дулат Төлегенұлы Жахин 2023 жылдың 10 айындағы Қырық құдық ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. Сөз барысында есепті кезеңде ауылда атқарылған жұмыстар туралы айтылды.
Есеп беру кездесуі барысында келесі сұрақтар келіп түсті:
Сұрақ: А.А.Абенов– Мал жаюға арналған жайылымдық жерлердің тапшылығы туралы қандай шаралар атқарылуда, хаттардың көшірмелерін жіберулеріңізді сұраймын?
Жауап: Д.Қ. Оспанов– Степногорск қаласының әкімі Ақмола облысы әкімінің атына хат жолдады. Сондай-ақ, бұл мәселе Ақкөл ауданының әкімдігімен бірлесіп қаралуда.
Сұрақ: А.Қ. Абенов– Ауылда мал ұрлығы жағдайларының ұлғаюы, қандай шаралар атқарылуда?
Жауап: Б. Жумагулов– Мал ұрлығы бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.
Сұрақ: Д.Е. Бекмағамбетов– Республикалық маңызы бар трассаны жөндеу туралы?
Жауап: А.Қ. Қайыржанов– Осы мәселе бойынша «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ басшылығына хат жолданатын болады.
Сұрақ: М. Хабит– ҚТҚ полигонын ұстауға және қоқысты шығаруға қаражат бөлу туралы?
Жауап: А.Қ. Қайыржанов– Қаражатты жергілікті бюджеттен бөлуді жалғастырамыз.
Хаттаманы жүргізген бас маман Н.Асқарқызы
Қырық құдық ауылының азаматтық жиынының ХАТТАМАСЫ 22.11.2023 ж