Қарабұлақ ауылының азаматтық жиынының ХАТТАМАСЫ 20.11.2023 ж.

 

БЕКІТЕМІН

Қарабұлақ ауылының әкімі

___________М. Исмағұлов

 

 

 

Қарабұлақ ауылының азаматтық жиынының

ХАТТАМАСЫ

15-00 сағат                                                                                              20.11.2023 ж.

 

Төрағалық етуші:

 

Степногорск қаласының әкімі - А. Қайыржанов

 

Қатысқандар: Қарабұлақ ауылының әкімі – Мұсылманбек Баукенұлы Исмағұлов,  мемлекеттік органдардың басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, Степногорск қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы, «Viamedis» ЖШС басшысы, жергілікті қоғамдастық құрамы және Қарабұлақ ауылының тұрғындары.

 

Барлығы: 50 адам қатысты

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

  1. Қарабұлақ ауылының 2023 жылдың 4 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп.
  2. Ағымдағы сұрақтар

 

Қарабұлақ ауылының  әкімі Мұсылманбек Баукенұлы Исмағұлов         2023 жылдың  4 тоқсандағы Қарабұлақ ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. Есеп беру барысында атқарылған жұмыстар, аяқталмаған жұмыстар және ауылдағы проблемалық мәселелер туралы айтылды.

 

Есеп беру кездесуі барысында келесі сұрақтар келіп түсті:

 

Сұрақ: Б.А.Бейсенбеков – «Береке» шаруа қожалығының малы ауылдың маңында жайылады, жайылым жерге неге мал жаймайды?

 Жауап: Ж.Ж. Омаров -  Ірі қара малдар төлдеп төлін суалту үшін сиырлардың бұзаулары, ұсақ малдардың төлдері ширағанша  «Береке» шаруа қожалығының малдары уақытша ауыл маңында болды.  

Сұрақ: А.М.Сатыбаева –  №1 «Степногрск- Қарабұлақ» бағыты бойынша таңғы уақытта, демалыс күндері жүру кестесін өзгертуді сұраймыз?

Жауап: Т. Қ. Жексембин- бұл ұсыныс тасымалдау ұйымымен бірге қарастырылатын болады.

Сұрақ: З.Н. Капезова  - құлын жоғалды жылқышылар неге жауапсыз қарайды?

Жауап: А. Қ. Қайыржанов -  Қарабұлақ ауылының учаскелік инспекторына бұл мәселені қарастырылу берілді.

Сұрақ: Л.Ф. Арсентьева  - Қарабұлақ ауылына спорт зал керек?

Жауап: А.Қ. Қайыржанов – Бұл мәселе МҮ салынып болған соң қарастырылатын болады.

Сұрақ: М. Н. Батталова – кітапхана өте суық?

Жауап: А.Қ. Қайыржанов –  «Степногорск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ басшысы А.Қ.Тұқмағанбетовқа терезелерді ауыстыру және жылыту жүйесі үшін           2024 жылға ЖСҚ дайындалсын.

Сұрақ: Ж.Ж.Омаров – Неліктен субсидиялауға өтінімдерді қарау (шығындарды өтеу, құрғақшылық және т. б.) ұзаққа созылады?

Жауап:А.Қ. Қайыржанов - «Жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы Д.Қ.Оспановқа бұл мәселені Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесіп қарастырылу берілді.

Сұрақ: Ж.Ж.Омаров  – Жыл сайын ауыл шаруашылық жерлерінде жылқылар егінге, шөпке түсуде, табыншылар тарапынан бақылау неге жоқ?

Жауап: А.Қ.Қайыржанов  - Қарабұлақ ауылының учаскелік инспекторы бақылауға алынсын.   

Сұрақ:  «Время» шаруа қожалығы -  А.И.Мишустин   – Ауыл шаруашылығы жерлеріне К. Елеусизов деген азаматтың жылқылары егінге, шөпке түсуде? К.Елеусізовқа шара қолдануыңызды сұраймыз.

 Жауап:А.Қ.Қайыржанов - Қарабұлақ ауылының учаскелік инспекторына бұл мәселені қарастырылу берілді.

 

 

 

Хаттаманы жүргізген бас маман                                     А.Санах

 

 

Қарабұлақ ауылының азаматтық жиынының ХАТТАМАСЫ 20.11.2023 ж.

Дата публикации
28 ноября 2023