Ақсу кентінің азаматтық жиынының ХАТТАМАСЫ 14.11.2023 ж

БЕКІТЕМІН

Ақсу кентінің әкімі ___________М. Смағұлов

 

 

 

Ақсу кентінің азаматтық жиынының

ХАТТАМАСЫ

10-00 сағат                                                                                              14.11.2023 ж

 

Төрағалық етуші:

 

Степногорск қаласының әкімі - А. Қайыржанов

 

Қатысқандар: Ақсу кентінің әкімі – Марат Имантайұлы Смағұлов,  мемлекеттік органдардың басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, Степногорск қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы, «Viamedis» ЖШС басшысы, «Алтыналмас АК» АҚ өкілдері, жергілікті қоғамдастық құрамы және Ақсу кентінің тұрғындары.

 

Барлығы: 84 адам қатысты

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

  1. Ақсу кентінің 2023 жылдың 4 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп.
  2. Ағымдағы сұрақтар

 

Ақсу кентінің әкімі Марат Имантайұлы Смағұлов 2023 жылдың                  4 тоқсандағы Ақсу кентінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. Сөз барысында атқарылған жұмыстар, аяқталмаған жұмыстар және кенттегі проблемалық мәселелер туралы айтылды.

 

Есеп беру кездесуі барысында келесі сұрақтар келіп түсті:

 

Сұрақ: К.Ж. Бекенова -  Жамбыл көшесі № 4 үйінің жанында неге жарықтандыру тіректері орнатылмаған?

Жауап: М.И. Смағұлов – Келесі жылы барлық қалған көшелерде, соның ішінде Жамбыл көшесі № 4 үйінің жанында жарықтандыру тіректері орнатылады.  

 

Сұрақ: К.Ж. Бекенова - Неге осы уақытқа дейін арықтан қоқыс алынбаған?  

Жауап: М.И. Смағұлов – Бір апта ішінде қоқыс жойылады.

 

Сұрақ: К.Ж. Бекенова – Құрылыс қоқыстарын шығарғаннан кейін ауыр жүк машиналарымен жолдың үстін езіп тастаған.

Жауап: М.И. Смағұлов - Жұмыстар аяқталған соң, ескертулер орындалады.

 

Сұрақ: Д.Ж. Калиев - Тротуарлардың көтергіштері өте жоғары және бетондары үгіліп жатыр. Әл-Фараби мен Д. Қонаев көшелерінің арасында үнемі су жиналады

Жауап: М.И Смағұлов– «Гарант» СК мердігерлеріне осы ескертулер берілді.

 

Сұрақ: Д.Ж. Қалиев - Ақсу кентінің № 2 жалпы білім беретін мектебінде сапалы жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, орнатылған терезелерге кепілдік бар ма? (сапасы нашар, бәрі қисық, құйылған көбіктері сыртқа шығып тұр)

Жауап: А.К. Оспанова – Жоба екі жылдық болып табылады, жөндеу жұмыстары аяқталған соң техникалық қадағалау өз міндеттерін орындайды, орнатылған терезелерге үш жылға кепілдік бар.

 

         Сұрақ: Г.Х. Вингертер - ҚТҚ жинауға арнайы алаң орнатуы бойынша және олардың бүйірлеріне әкету кестесінің көрсетілуімен азаматтармен бөлек жиын өткізу қажет

         Жауап: А.Қ. Қайыржанов – Бұл мәселе қарастырылатын болады.

 

         Сұрақ: Г.Х. Вингертер – Контейнерлерді орнату туралы

         Жауап: М.С. Смағұлов – Бұл мәселе қарастырылуда

 

         Сұрақ: Г.Х. Вингертер - Құрылыс қоқыстарын қайта өңдеп, жолдарға төсеу үшін пайдалануға болады ма?

         Жауап: А.Қ. Қайыржанов – Бұл мәселе қарастырылатын болады.

 

         Сұрақ: Е. Оспанов - Ақсу кентіндегі үй құрылыстарына жарылыс жұмыстарының әсері туралы

         Жауап: Б.Т. Садырбаев – Жарылыс жұмыстары тиісті стандарттарға сай жүргізілуде

 

         Сұрақ: К.Ж. Бекенова - Қоныс аударуға қатысты менің өтінішіме неге жауап берілмей жатыр?

         Жауап: А.Қ. Қайыржанов - Бұл мәселе қарастырылады, «Алтыналмас АК» АҚ-мен жауабы беріледі

 

         Сұрақ: М.М. Өтеуова - Дәрігерлік амбулатория құрылысы салынады ма?

         Жауап: А.Қ. Қайыржанов - Бұл мәселе «Алтыналмас АК» АҚ компаниясымен бірлесіп қарастырылуда

 

         Сұрақ: А.Б. Қасенов – «Алтыналмас АК» АҚ неге 5-11 және 0 сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін мектептерде, шағын орталықтарда тегін тамақтануға демеушілік көмек көрсетпейді?

         Жауап: Б.Т. Садырбаев – «Алтыналмас АК» АҚ басшылығы үшін оқушылар санын ұсыну қажет, бұдан әрі компания Сіздің өтінішіңізді қарастырады

 

         Сұрақ: А.Б. Қасенов - Кентті орталық жылытуға қосу туралы.

         Жауап: А.Қ. Қайыржанов – Орталық жылытуға қосылу үшін ЖСҚ әзірленуде, бұл мәселе қарастырылып жатыр.

 

         Сұрақ: Н.Т. Морозова – Тұрғындардың көшіп кетуіне байланысты Ақсу кентінде қаңғыбас иттер санының өсуі туралы.

         Жауап: Н. Кубатай – Қазіргі уақытта «ҚАЗШОКҰРЫЛЫС» ЖШС компаниясы қаңғыбас иттерді аулап жатыр

 

         Сұрақ: А.С. Кустова – № 3 бағыттағы автобус  бойынша мәселе неге шешілмеді, демалыс күндерінде бір автобус ғана жүреді тұрғындарға екі автобус қажет.

         Жауап: А.Қ. Қайыржанов - Қала тұрғындарын тасымалдау үшін автобустар сатып алуға өтінім берілді, сатып алғаннан кейін және Ақсу кентінің тұрғындары үшін қосымша автобустар беріледі

 

         Сұрақ: А.С. Кустова - Теміржол өткелінің бойына қиыршық тас төсеуге болады ма?

         Жауап: М.И. Смағұлов – Бұл мәселе қарастырылатын болады

 

         Сұрақ: А.С. Кустова - Халықтың әлеуметтік осал топтарына көмірмен көмек көрсетіледі ме?

         Жауап: М.И. Смағұлов – Жыл сайын Ақсу кенті әкімінің аппаратымен халықтың әлеуметтік осал топтарын демеушілермен көмірмен қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар өткізіледі

 

         Сұрақ: Г.Х. Вингертер - Қаңғыбас үй жануарларын уақытша ұстау пунктін қамтамасыз ету туралы

         Жауап: А.Қ. Қайыржанов – Бұл мәселе қарастырылатын болады

 

         Сұрақ: Н.М. Жуганов – Кварцитканың айналасын тазарту қажет 

         Жауап: А.Қ. Қайыржанов - Ақсу кенті әкімінің аппаратымен жұмыстардың осы түрлеріне бюджеттік өтінім беру қажет

 

         Сұрақ: Н.М. Жуганов - Ауыл шаруашылығындағы өлген жануарларды көму үшін мал қорымы жоқ

         Жауап: М.И. Смағұлов - Кентте ауыл шаруашылығындағы өлген  жануарларды көмуге арналған мал қорымы бар (қарабайыр шұңқыр)

 

         Сұрақ: Н.М. Жуганов - 2023 жылғы 06 қарашада Заводской кенті әкімінің аппаратында «СГХК» ЖШС және «GRAVITI CONSTRUCTION KZ» ЖШС-мен өткен қоғамдық тыңдауда Ақсу кенті жақын маңдағы елді мекен ретінде неге есепке алынбады?

         Жауап: А.Қ. Қайыржанов - Бұл мәселе қарастырылатын болады

 

 

Хаттаманы жүргізген бас маман                                                            А. Исаева

 

Ақсу кентінің азаматтық жиынының ХАТТАМАСЫ 14.11.2023 ж

Дата публикации
28 ноября 2023