«Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы туралы»

«Учаскелік сайлау комиссияларының
сандық құрамы туралы»

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 17-бабының 1-тармағына, «2023 жылы аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 8 қарашадағы № 98/798 қаулысына сәйкес, сайлау учаскелері және сайлаушылар саны туралы 2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Степногорск қаласы әкімнің мәліметтері негізінде Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшаға сәйкес Степногорск қаласының учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы айқындалсын.
2. Степногорск қалалық мәслихатына комиссия құрамын қалыптастыру үшін Степногорск қаласының сайлау комиссиялары туралы мәліметтер және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына ұсыну үшін Ақмола облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
3. «Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын айқындау туралы» Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы №1/36 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

Комиссия төрайымы Т. Семенюк

Комиссия хатшысы А. Баязитова

Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамы
Дата публикации
08 ноября 2023