Степногорск қаласының 2023 жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
Өнеркәсіп
Кәсіпорындар жыл басынан бері 297,7 млрд. теңгеге тауар өнімін өндірді, өнеркәсіптік өндіріс индексі 100,2%, өңдеу өнеркәсібі – 97% құрады. Ақмола облысының өнеркәсіптік өндірісіндегі Степногорск қаласының үлесі 23,7 % құрайды.
Өнеркәсіптік кәсіпорындар тауарлық өнім өндірді:
- алтын - 4,7 мың кг;
- мойынтіректер - 14,2 мың тонна;
- уран - 1,3 мың тонна;
- мыс концентраты - 9,8 мың тонна;
- өсімдіктерді қорғау құралдары - 4,2 мың тонна;
- электр энергиясы - 422 млн. кВтсағ;
- жылу энергиясы - 582,5 мың Гкал;
- күкірт қышқылы - 138,5 мың тонна;
- спирт - 2998 мың л.;
- қысқы дизель отыны - 21,9 мың тонна;
- сирек жер металдарының ұжымдық концентраттары - 238 тонна;
- қорғасын - 1,1 мың тонна.
Индустриялық-инновациялық даму шеңберінде «АDELYA GOLD» ЖШС кенді қайта өңдеу бойынша модульдік байыту фабрикасын салу жобасы іске асырылды.
Инвестициялық жобалар да іске асырылуда:
- «SARECO» ЖШС Электролиттік марганец өндірісі;
- «Целингормаш» ЖШС металл бұйымдарын өндіру.
Инвестициялар
Қала экономикасына 14 млрд. теңге инвестиция салынды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ 54,6 %.
Кәсіпкерлікті дамыту
2023 жылғы 1 қазанға түрлі салаларда 3833 шағын және орта бизнес субъектілері немесе 2022 жылғы деңгейге 108,6% қызметін жүзеге асырады.
Тіркелген субъектілер қатарындағы жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі 92,7% құрады. Жыл басынан бері 673 жаңа жұмыс орны немесе 2022 жылғы деңгейге 116,8% құрылды.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде:
- 990,5 млн. теңге кредит сомасына 99 жоба субсидияланады;
- 183,5 млн. теңгеге 3 жоба кепілдік алды.
Бөлшек тауар айналымы 14,2 млрд. теңгені құрады, НКИ-72,1 %.
Жыл басынан бері Степногорск өңірі мен облыстың және Астана қаласының жақын маңдағы аудандарының тауар өндірушілерінің қатысуымен 39 жәрмеңке өткізілді, онда 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте 422,4 млн. теңге сомаға өнім сатылды немесе 2022 жылғы деңгейге 107 %.
Бюджет
Есепті кезеңде бюджеттің барлық деңгейлеріне 199,2 млрд.теңге сомасына салықтар мен төлемдер түсті, оның ішінде жергілікті бюджет – 12,3 млрд. теңге, қалалық бюджет – 6,5 млрд. теңге. Республикалық және облыстық бюджеттерден берілетін трансферттерді ескере отырып, 12,1 млрд.теңге немесе жоспарға 99,7% игерілді.
Ауыл шаруашылығы
Жалпы өнім 5 млрд. теңгеге шығарылды. Жалпы өнімнің НКИ 76,6 % құрады.
Мал және құс басы: ІҚМ - 17,5 мың, қой мен ешкі – 23 мың, жылқы – 16,6 мың, құс – 26,6 мың, шошқа – 271.
Ағымдағы жылы Қарабұлақ және Бөгенбай ауылдарында 104 басқа арналған 2 ет фермасы ашылды.
Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі 7,1 млрд. теңгені құрады. НКИ-70,5 %.
1613 ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2022 жылғы деңгейге 48,4%.
Үш бөлмелі қырық бес пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде (1,5,6 позиция).
Нысандардың құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде:
- «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында Қарабұлақ ауылындағы Мәдениет үйі;
- Бестөбе кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені;
- Бестөбе кентіндегі ашық спорт кешені;
- жабық хоккей корты;
- қаладағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені.
Инфрақұрылым
Жобалар бойынша жұмыстар аяқталды:
- Байқоңыс, Қырық құдық ауылдарында қаланың 9 аула аумағын және 2 аула аумағын абаттандыру.
- Ақсу, Бестөбе, Заводской, Шантөбе кенттеріндегі көше жолдарын орташа жөндеу;
- Байқоңыс және Изобильное ауылдарындағы жолдарды көшелерді орташа жөндеу;
- «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында Қарабұлақ және Қырық құдық ауылдарындағы көше жолдарын орташа жөндеу.
Инфрақұрылымды дамыту бойынша жобалар бойынша жұмыстар аяқталуда:
- үшінші аула аумағын абаттандыру;
- Шантөбе, Бестөбе, Заводская кенттеріндегі аула аумақтарын абаттандыру;
- қаланың автомобиль жолдарын орташа жөндеу;
- Новосибирская көшесін қайта жаңарту;
- Степная көшесін қайта құру;
- қалалық зират арқылы кіреберіс жолды жарықтандыру.
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 347 адам енгізілді
- жастар практикасы - 48 адам;
- қоғамдық жұмыстар - 70 адам;
- қысқа мерзімді кәсіптік оқыту - 24 адам;
- әлеуметтік жұмыс орындары - 25 адам;
- бірінші жұмыс орны - 16 адам;
- күміс жас - 12 адам;
- ұрпақ келісімшарты - 2 адам;
- гранттар - 14 адам;
- «Бастау-бизнес» оқыту - 136 адам.
2023 жылдың 1 қазанына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 2739 адам өтініш білдіріп, 1453 адам жұмысқа орналастырылды.
Әлеуметтік қолдау
4009 адамға әлеуметтік көмек тағайындалды, оның ішінде:
- атаулы әлеуметтік көмек - 164 отбасы/738 адам;
- 59 отбасына тұрғын үй көмегі / 81 адам; - азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек - 3172 адам;
- үйде оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету - 18 адам.
241 адамға әлеуметтік қызмет көрсетілді.
- «Инватакси» - 68 адам;
- жеке көмекші және сурдоаудармашы - 23 адам;
- жартылай стационар жағдайында - 29 адам;
- қарт адамдар үшін -18 адам
- тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына «Өмір» әлеуметтік қолдау орталығында - 16 отбасы / 56 адам;
- орталықта белгілі бір тұрғылықты жері жоқ және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін - 47 адам.
Білім
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 2488 тәрбиеленуші, 3 жастан
6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100%, 1- ден 6-ға дейін 82% құрайды.
Орта білім беру оқушыларының саны 10121 оқушыны құрады.
Барлығы 11-сынып түлектері-359, оның ішінде «Алтын белгі» - 15, үздік аттестатты 32 түлек алды
Ағымдағы жылдың наурыз айында 75 орындық «Райхан-Ана» жеке балабақшасы ашылды.
Бестөбе кентінде 300 орындық орта мектептің құрылысы жүргізілуде.
Денсаулық сақтау
Туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 8,1, жалпы өлім – жітім 1000 адамға шаққанда 7,3 құрады.
Ағымдағы жылы Заводской кентіндегі «VIAMEDIS» емханасының филиалына жөндеу жұмыстары аяқталды.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Орталық қалалық аурухана базасында медициналық колледж филиалы ашылды.
Мәдениет және спорт
Халықты дене шынықтыру және спортпен қамту көрсеткіші 39,3 % құрайды.
Ағымдағы жылдың маусым айында қалада ұлттық және халықтық спорт түрлері бойынша «Құлагер» облыстық спартакиадасы өтті, онда қала құрамасы облыс қалалары арасында 1 жалпыкомандалық орынға ие болды.
Қала құрамасы «Ақ бидай» жазғы облыстық спартакиадасында қалалар арасында жалпы командалық 2-орынды иеленді. Ағымдағы жылы Изобильное ауылында ауылдық клуб жанынан тренажер залы ашылды.
2023 жылдың басынан бастап қала мен кенттердің мәдениет ұйымдарында
1083 мың адам қатысқан 2491 іс-шара өткізілді. Мәдениет мекемелерінде 88 клубтық құрамада 2,4 мың қатысушы жұмыс істейді.
Қоғамдық қауіпсіздік
2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте Степногорск өңірінің аумағында 345 құқық бұзушылық тіркелді. Ашылу деңгейі 100% құрады. 10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыс деңгейі - 52,2 бірлік.