Қырық құдық ауылының азаматтық жиынының ХАТТАМАСЫ

БЕКІТЕМІН

Қырық құдық ауылының әкімі ___________Д. Жахин

 

 

Қырық құдық ауылының азаматтық жиынының

ХАТТАМАСЫ

 

10-00 сағат                                                                                                  13.09.2023 ж

 

Төрағалық етуші:

 

Степногорск қаласының әкімінің орынбасары - Қ. Орынбасаров

 

Қатысқандар: Қырық құдық ауылының әкімі – Дулат Төлегенұлы Жахин,  мемлекеттік органдардың басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, «Viamedis» ЖШС бас медбикесі, «Степногорск-су арнасы» ШЖҚ МКК директоры, жергілікті қауымдастық құрамы және Қырық құдық ауылының тұрғындары.

 

Барлығы: 50 адам қатысты

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

  1. Қырық құдық ауылының 2023 жылдың 7 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп.
  2. Степногорск қаласы полиция басқармасының 2023 жылдың 7 айындағы қорытындылары туралы баяндамасы.
  3. Ағымдағы сұрақтар

 

Қырық құдық ауылының әкімі Дулат Төлегенұлы Жахин 2023 жылдың 7 айындағы Қырық құдық ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. Сөз барысында есепті кезеңде ауылда атқарылған жұмыстар туралы айтылды.

 

ПБ бастығының бірінші орынбасары Бақтияр Төреқұлұлы Шоқпаров Степногорск қаласы полиция басқармасының 2023 жылдың 7 айындағы қорытындылары туралы баяндамасымен сөз сөйледі.

 

Есеп беру кездесуі барысында келесі сұрақтар келіп түсті:

 

Сұрақ: Шұғай Темірбек – Мал  жаюға арналған жайылымдық жерлердің тапшылығы туралы?

Жауап: Қ.Н. Орынбасаров – Бұл мәселе Ақкөл ауданының әкімдігімен бірлесіп қаралуда.

Сұрақ: Шұғай Темірбек – Ауылда мал ұрлығы жағдайларының ұлғаюы, осыған байланысты ауылда учаскелік инспекторға қажеттілік?

         Жауап: Б.Т. Шоқпаров – Бос жұмыс орындары жоқ. Ұрлық бойынша тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ, Қырық құдық ауылында қосымша рейдтік іс-шаралар өткізілетін болады.

         Сұрақ: Шұғай Темірбек – Көшедегі бейнебақылау камераларын қосымша орнату туралы?

         Жауап: Қ.Н. Орынбасаров – Көшедегі бейнебақылау камераларын орнатуға қаржы бөлуге бюджеттік өтінім беру.

 

 

Хаттаманы жүргізген бас маман                                                     Н.Асқарқызы

Дата публикации
18 октября 2023