Шаңтөбе кенті әкімі аппаратының 2023 жылғы 3 тоқсандағы бюджеті
«Шантөбе кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылға бюджеті қалалық мәслихаттың 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 7С-22/9 «2023-2025 жылдарға арналған кенттердің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешімімен бекітіліп, кірістер бойынша – 131 404,0 мың теңге, шығындар бойынша – 131 404,0 мың теңгені құрады.
2023 жылғы 9 ай ішінде ЖӨӨБ бюджеті бюджеттік заңнама шеңберінде екі рет нақтыланды - нәтижесінде 9 айдағы бюджет көлемі кірістер мен шығындар бойынша 145 457,4 мың теңгені құрады.
2023-2025 жылдары Шаңтөбе кенті ЖӨӨБ бюджетінің кірістері 3 көз есебінен құрылған. Келесі көздер:
(мың теңге)
|
Түсімдер |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
|
Барлығы |
145 457,4 |
44 725,0 |
45 330,0 |
|
Салық түсімдері, оның ішінде: |
9 880,8 |
9 321,0 |
9 742,0 |
|
жеке табыс салығы |
2 775,0 |
1 825,0 |
1 880,0 |
|
мүлік салығы |
7 101,8 |
7 491,0 |
7 856,0 |
|
тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар |
4,0 |
5,0 |
6,0 |
|
Салықтық емес түсімдер, оның ішінде: |
890,0 |
934,0 |
980,0 |
|
ауылдық округ, кент, ауыл, аудандық маңызы бар қаланың коммуналдық меншігін жалға беруден түсетін кірістер |
890,0 |
934,0 |
980,0 |
|
Трансферттердің түсуі, оның ішінде: |
132 850,3 |
34 470,0 |
35 896,0 |
|
район бюджеттен ағымдағы мақсаттық трансферттер |
94 476,3 |
|
|
|
субвенция |
38 374,0 |
34 470,0 |
34 608,0 |
|
Пайдаланылатын бюджеттік қаражаттардың қалдығы |
1 836,3 |
|
|
Меншікті кірістер (салық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталдың сатылуынан түсетін түсімдер) 10 770,8 мың теңге сомасында бекітілген.
ШЫҒЫНДАР БОЙЫНША ОРЫНДАЛУ
Шаңтөбе кентінің 2023-2025 жылдарға арналған бекітілген бюджет жоспары:
(мың теңге)
|
Функционалды топтар бойынша |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
|
БАРЛЫҒЫ |
145 457,4 |
44 725,0 |
45 330,0 |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
55 929,7 |
38 278,0 |
38 565,0 |
|
Білім |
43 218,3 |
4 132,0 |
4 334,0 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
46 298,9 |
2 315,0 |
2 431,0 |
|
Трансферттер |
10,5 |
|
|
2023 жылдың 9 айындағы бюджеттік шығындар жоспары 90 809,1 мың теңге болғанымен 90 807,9 мың теңге сомаасына орындалды немесе қаржыландыру жоспарына 100,0 %.
Бюджет шығындарының орындалуы келесі деректермен сипатталады:
(мың теңге)
|
Аталуы |
3 тоқсандағы нақтыланған бюджет |
3 тоқсандағы ішінде нақты орындалуы |
Орындалу % |
Орындалмау сомасы |
|
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер |
45 605 |
45 604 |
100 |
1,0 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
6 419,9 |
6 419,7 |
100 |
0,2 |
|
Көлік және коммуникация |
38 773,7 |
38 773,7 |
100 |
0 |
|
Трансферттер |
10,5 |
10,5 |
100 |
0 |
|
Барлығы |
90 809,1 |
90 807,9 |
100 |
1,2 |
келтірілген талдаудан көрінетін нақтыланған (реттелген) бюджеттік қаражаттарының игерілмеген сомасы 1,2 мың теңгені құрады, оның ішінде.
«Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» 1 фунционалды тобы бойынша бюджеттік шығындар 100 % орындалды немесе нақтыланған жоспарға 45 604 мың теңге сомасы, оның ішінде материалдық-техникалық жабдықтауға – 22 мың теңге.
Кент әкімі аппаратымен:
ҚР туы сатып алынды көлемі 4 дана.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» 7 фунционалды тобы бойынша бюджеттік шығындар 100% орындалды немесе нақтыланған жоспарға 6 419,7 мың теңге.
Шаңтөбе кенті бойынша келесі іс-шараларға қаражат бағытталды:
қала көшелерін жарықтандыру және жарықтандыру желілеріне қызмет көрсету (12995,7 кВт/сағ) – 647 мың теңге;
санитарлық тазалау (Шаңтөбе кентіндегі стихиялық қоқыс үйінділерін шығару – 300 текше метр) 803,6 мың теңге;
жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу (Шаңтөбе кентінің зираттары аумағынан қоқыс және стихиялық қоқыс шығару-220 текше метр) – 309,8 мың теңге;
елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру (гүлзарлар мен көгалдарды жайластыру – 1200 ш. м., Мафтарды (әткеншектер, карусельдер, слайдтар) дайындау және орнату-5 жиынтық, ағаштарды тәждеу – 75 дана, құмсалғыштарға құм әкелу-20 тонна, құмсалғыштарды дайындау-30 дана, аула үстелдерін дайындау және орнату-12 жиынтық) – 4 659,3 мың теңге.
«Көлік және коммуникация» 12 фунционалды тобы бойынша бюджеттік шығындар 100 % орындалды немесе нақтыланған жоспарға 38 773,7 мың теңге. Кенттің автомобиль жолдарын қамтамасыз ету және күтіп ұстау бойынша жұмыстар жүргізілді (жолдарды қысқы күтіп ұстау-ұзындығы 12 км кенттегі жолдарды қардан тазарту, жолдарды жазғы күтіп ұстау-ұзындығы 5 км кенттегі жолдарды қиыршық таспен толтыру, орташа, Шантөбе кентіндегі жолдардың асфальт жабынын жөндеу - 9151,64 ш. м., кент жолдарын орташа жөндеуге смета дайындау).
«Трансферттер» 15 фунционалды тобы бойынша бюджеттік шығындар 100 % орындалды немесе нақтыланған жоспарға 10,5 мың теңге. Аудандық бюджеттен трансферттер бойынша қайтару жүргізілді.