Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

Степногорск қаласы әкімдігінің

2023 жылғы «___»___________           

№ _____________ қаулысымен бекітілген

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы

 

ЕРЕЖЕСІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Степногорск қаласы

2023 жыл

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және халықтың көші-қоны, азаматтарға әлеуметтік-маңызды қызметтерді көрсету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гербі бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  4. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
  5. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға  құқылы.
  6. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 021501, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 4-шағынаудан, 1- ғимарат.
  9. Осы Ереже «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  10. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  11. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

         Егер «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

 

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

 

  1. Мақсаттары:

1) халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де мақсаттарды жүзеге асыру.

  1. Өкілеттіктері:

құқықтары:

1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген талаптарды сақтай отырып, өз құзыреті шегінде «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды атқару үшін қажетті ақпаратты  мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан және өзге де ұйымдардан сұрау және алу;

2) өз құзыреті шегінде келісімдер, шарттар жасасу;

міндеттері:

3) өз құзыреті шегінде қала әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;

4) «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер  бойынша  басқа  атқарушы билік органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің басшылары мен мамандарын тартумен жиналыстарға белгіленген тәртіпте шақырту, қатысу;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындау.

  1. Функциялары:

1) халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және көші-қон саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

2) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында мансап орталығымен өзара іс-қимыл жасау;

3) өздерінің қарауындағы арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді құру және олардың қызметі;

4) арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектілердің арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсынуы;

5) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъектілерді кадрмен қамтамасыз етуді, әлеуметтік жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

6) халықтың арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттіліктеріне талдау жүргізу;

7) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну және арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті бағалау мен айқындау жөніндегі көрсетілетін қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;

8) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну жүйесін дамыту жөнінде шаралар қабылдау;

9) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша жеке, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

10) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету және қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;

11) мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды жеке бағдарламаға сәйкес санаторийлік-курорттық емдеуді қамтамасыз ету;

12) мүгедектігі бар адамдарды жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету;

13) жеке бағдарламаға сәйкес жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің, есту қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін ымдау тілі маманының көрсетілетін қызметтерімен қамтамасыз ету;

14) мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша әлеуметтік көмек шараларын ұсыну;

15) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;

16) мемлекеттік бюджет қаражатынан тұрғын үй жәрдемақыларын, атаулы әлеуметтік көмекті және басқа да әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау және төлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

17) жұмыс органы мемлекеттік мекеме болып табылатын консультативтік-кеңесші комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;

18) басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимыл ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, көп балалы отбасыларға, аз қамтылған азаматтарға және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

19) әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылар мен қамқоршылардың қызметін бақылауды жүзеге асыру;

20) еңбекші көшіп келушіге рұқсат беруді, ұзартуды және кері қайтарып алуды жүзеге асыру;

21) құрылымдық бөлімшелердің қызметін бақылауды жүзеге асыру:

бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша бөлімше;

үйде мүгедектігі бар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімше;

22) жартылай стационар, стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру;

23) құжаттарды дайындау және егде басты қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтарға интернат-үйлеріне, медициналық-әлеуметтік мекемелерге жіберу;

24) қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша азаматтарға кеңес беру және халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және халықтың көші-қоны мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

25) «е-Оtinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасын жүргізу;

26) ХҚКО БАЖ (халыққа қызмет көрсету орталықтарына арналған біріктірілген ақпараттық жүйе), «е-Халық», «е-Собес», «Шетелдік жұмыс күші», «е-Акимат» ААЖ (автоматтандырылған ақпараттық жүйесі), республикалық бағдарламаларын жүргізу;

27) қызметтік құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Заңмен белгіленген тәртіпте және мерзімде қабылдау және қарастыру;

28) әлеуметтік серіктестік және еңбек пен әлеуметтік қарым-қатынастар бойынша қалалық комиссияның жұмысын ұйымдастыру;

29) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру;

30) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

 

 

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының

мәртебесі, өкілеттігі

 

  1. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  2. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  3. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
  4. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

2) «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің міндеттерін және  өкілеттіктерін белгілейді;

3) «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылық етуді жүзеге асырады, «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

4) заңнамамен белгіленген тәртіпте «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерін көтермелеу және марапаттау мәселелерін шешеді және оларға тәртіптік жаза қолданады;

5) «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің қызметтік нұсқаулықтарын бекітеді;

6) «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бұйрықтарына қол қояды және «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің міндетті орындау үшін тапсырмаларды береді;

7) жергілікті атқарушы органмен бекітілген штат санының лимиті шегінде «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің штат кестесін және оның құрылымын бекітеді;

8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді;

9) заңнамада белгіленген тәртіпте «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіру үшін бөлімнің жұмыскерлеріне сенімхаттар береді;

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;

12) басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қояды;

«Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

  1. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай ақ  өз қызметі нәтижесінде  сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

         «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:

         «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің отбасыларды қолдау және сүйемелдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 

 

 

 

 

Дата публикации
26 сентября 2023