Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес әзірленді.
  2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Степногорск қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

4) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

6) ең төмен күнкөріс деңгейі –шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

9) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;

11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

  1. Осы Қағидалар Степногорск өңірінің аумағында тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелген адамдарға қолданылады.
  2. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының                     2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
  3. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл-мезгіл ай сайын, жылына 1 рет көрсетіледі.
  4. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндері мен атаулы күндердің тізбесі:

1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;

2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

3) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні;

4) 9 мамыр – Жеңіс күні;

5) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;

6) 25 Қазан – Республика күні.

  1. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстың ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.     

Арнайы және учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін   айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін  белгілеу тәртібі

  1. Өмірлік қиын  жағдай  туындаған  кезде көмекке мұқтаждар санатына азаматтарды жатқызу үшін  негіз  болып  табылады:

1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;

2) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,7 еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;

3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы негіз болып табылады.

  1. Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес азаматтарды мұқтаж азаматтар санатына жатқызу үшін негіздер тізбесін басшылыққа алады.
  2. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмектің мөлшерін жергілікті өкілді органдар облыс ЖАО-мен келісу бойынша бірыңғай мөлшерде белгілейді.
  3. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындыда көрсетеді.
  4. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына көрсетіледі:

1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

4) еңбек ардагерлері;

5) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабында айқындалған күші қолданылатын басқа да адамдарға;

6) ең төменгі, ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен зейнеткерлерге;

7) зейнеткерлік жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

8) мүгедектігі бар баланы тәрбиелейтін адамдарға;

9) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын  «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;

10) саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын, «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы»  Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған адамдар;

11) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға);

12) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға (туберкулез, қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, инсулинге тәуелді 1 типті қант диабеті);

13) фтизиатрдың есебінде тұратын және химиялық сауықтыруды алатын балалары бар азаматтарға (отбасыларға);

14) балалардың церебральды сал ауруы диагнозы қойылған денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған балалары бар азаматтарға (отбасыларға);

15) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,7 еселенген мөлшерінен аспайтын азаматтарға (отбасыларға);

16) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруы бар балалары бар азаматтарға (отбасыларға);

17) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған 1 типті инсулинге тәуелді қант диабеті бар балалары бар азаматтарға (отбасыларға);

18) барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға, дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ДКК) қорытындысы бойынша денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған науқастарға;

19) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға;

20) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.

  1. Мереке күндері мен атаулы күндерге әлеуметтік көмек жылына 1 рет келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:

бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);

оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер;

Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;

бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi;

Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер.

         2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні:

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналар.

3) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні:

1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары.

4) 9 мамыр – Жеңіс күні:

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

еңбек ардагерлеріне;

«Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа адамдарға.

5) 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні:

саяси қуғын-сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын, «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы»  Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған адамдар.

6) 25 Қазан – Республика күні:

ең төменгі, ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен зейнеткерлерге;

зейнеткерлік жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

мүгедектігі бар баланы тәрбиелейтін адамдарға.

  1. Азаматтарға (отбасыларға) өтініш бойынша әлеуметтік көмек жылына бір рет азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай көрсетіледі:

         1) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), жағдай туындағаннан кейін үш айдан кешіктірмей өтінген кезде, 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

         2) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға (қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, 1 типті инсулинге тәуелді қант диабеті), 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

         3) фтизиатрда есепте тұрған және химиялық сауықтыруды алатын балалары бар азаматтарға (отбасыларға), 9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

4) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған 1 типті инсулинге тәуелді қант диабеті бар балалары бар азаматтарға (отбасыларға), 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

5) 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде церебральды сал ауруы диагнозы қойылған денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған балалары бар азаматтарға (отбасыларға);

6)      анықтама негізінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға босатылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

7) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының                                4,5,6,7-баптарында көрсетілген адамдарға төлем туралы құжаттардың негізінде Қазақстан Республикасының аумағында санаторий-курорттық емделуге жұмсалған шығындарды өтеуге 40 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде беріледі.

Санаторий-курорттық емдеу құны 40 айлық есептік көрсеткіштен төмен болған кезде нақты жұмсалған қаржы қаражаты төленеді.

8) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4,5,6,7-баптарында көрсетілген адамдарға 20 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде растайтын құжаттарды ұсынған кезде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша теміржол немесе госпитальға немесе автомобиль жолаушылар көлігімен шипажайға немесе госпитальға емделуге екі жаққа жол жүру құнын өтеуге жөнелту станциясынан госпитализация орнына дейін және кері қайтуға жіберіледі. Екі жаққа да жол жүру құны 20 айлық есептік көрсеткіштен төмен болған кезде нақты жұмсалған қаржы қаражаты төленеді.

  1. Әлеуметтік көмек азаматтарға (отбасыларға) алушылардан өтініштер талап етілмей, азаматтың (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есепке алмай көрсетіледі:

1) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруы бар балалары бар азаматтарға (отбасыларға), ең төмен күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде;

2) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған туберкулезбен ауыратын адамдарға 6 ай ішінде 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

  1. Азаматтарға (отбасыларға) өтініш бойынша азаматтың (отбасының)жан басына шаққандағы орташа табысы ескеріле отырып, жылына 1 рет әлеуметтік көмек көрсетіледі:

1) ДКК қорытындысы бойынша барлық топтағы мүгедек адамдарға, мүгедек балаларға, денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған науқастарға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,7 еселенген мөлшерінен аспайтын, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын азаматтарға (отбасыларға) 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;   3) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға пробация қызметінің растайтын құжатының негізінде 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

  1. Атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО белгілейді, содан кейін уәкілетті ұйымға не өзге де ұйымдарға сұраныс жіберу арқылы олардың тізімдері қалыптастырылады.

  1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан жергілікті әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:

1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

2) тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін тұлғаның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);

3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың бірі:

дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат;

әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжат;

жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болу фактісін растайтын құжат;

бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу, пробация қызметінің есебінде болу фактісін растайтын құжат.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы өтініш берушіге қайтарылады.

  1. Үлгілік қағидалардың 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш түскен кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
  2. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, тұлғаның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттарымен бірге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

  1. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
  2. Қажетті құжаттардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты өтініш берушінің оларды ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімді өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың тиісті мәліметтерді қамтитын деректері негізінде қабылдайды.
  3. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
  4. Арнайы комиссия құжаттар түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарады, қорытынды оң болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
  5. Өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттары тіркелген күннен бастап 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Үлгілік қағидалардың 15 және 16-тармақтарында көрсетілген жағдайларда әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

  1. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

27). Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

2) тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;

3) тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артық болған жағдайларда жүзеге асырылады.

  1. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Степногорск қаласының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.
  2. Әлеуметтік көмек:

1) алушы қайтыс болған;

2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;

3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

  1. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
  2. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

шешіміне 2-қосымша

 

 

Степногорск қалалық мәслихатының күші жойылды

деп танылған шешімдерінің тізбесі

 

 

  1. Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3992 болып тіркелген).

2.Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 17 тамыздағы № 5С-43/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4986 болып тіркелген).

  1. Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2016 жылғы 5 мамырдағы № 6С-4/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5408 болып тіркелген).
  2. Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2016 жылғы 25 тамыздағы № 6С-8/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5531 болып тіркелген).
  3. Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2017 жылғы 21 ақпандағы № 6С-16/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5819 болып тіркелген).
  4. Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 6С-20/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6088 болып тіркелген).
  5. Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 6С-26/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6562 болып тіркелген).
  6. Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2018 жылғы 12 қыркүйектегі № 6С-31/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6795 болып тіркелген).
  7. Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2019 жылғы 13 тамыздағы № 6С-42/11 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7324 болып тіркелген).
  8. Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы» 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 6С-50/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7834 болып тіркелген).
  9. Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 26 қарашадағы № 6С-59/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8204 болып тіркелген).
  10. Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 7С-11/11 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26177 болып тіркелген).
  11. Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 13 мамырдағы № 7С-14/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28070 болып тіркелген).
  12. Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 7С-19/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29954 болып тіркелген).
  13. Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 7С-22/11 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31697 болып тіркелген).
  14. Степногорск қалалық мәслихатының «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2023 жылғы 29 мамырдағы № 8С-3/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8579-03 болып тіркелген).
Дата публикации
16 августа 2023