«Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихаты шешімінің жобасына түсіндірме жазба

 «Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің  және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Степногорск қалалық мәслихаты шешімінің жобасына

түсіндірме жазба

 

  1. Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.

«Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ.

  1. Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері.

         «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың                                  үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің                    2023 года 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес.

  1. Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді.

  1. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы.

         Теріс салдарға әкелмейді.

  1. Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері.

Өзгерістерге байланысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру.

  1. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер.

Жоқ.

  1. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы.

Талап етілмейді.

  1. Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны).

         Степногорск қаласы әкімдігінің сайтында «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бөлімінде орналастырылған, құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат 14.08.2023 жылы жарияланды.

  1. Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат.

          Степногорск қаласы әкімдігінің сайтында «Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бөлімінде орналастырылған.

  1. Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

__________________

 

  1. Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.

Шығындарды азайту және (немесе) ұлғайту болжанбайды.

 

 

Степногорск қаласының

жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімінің басшысы                                  А.Тұқмағанбетов

 

Дата публикации
16 августа 2023