2023 жылғы 1 жартыжылдықтағы Степногорск қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

2023 жылғы 1 жартыжылдықтағы Степногорск қаласының                     әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

 

                                               Өнеркәсіп

Кәсіпорындар жыл басынан бері 209,4 млрд. теңгеге тауар өнімін өндірді, өнеркәсіптік өндіріс индексі 105,3%, өңдеу өнеркәсібі 103,6% құрады. Ақмола облысының өнеркәсіптік өндірісіндегі Степногорск қаласының үлесі 25,3 % құрайды.

Тауарлық өнім өндірісі:

- катодты алтын 108 кг, флотоконцентрат 9,3 мың тонна, кен өндіру-2809,5 мың тонна;

- 3001 кг алтын, 487 кг Доре қорытпасындағы күміс;

- мойынтіректер 9,7 мың тонна;

- уран 1086 тонна, 6,3 мың тонна мыс концентраты;

- электр энергиясы 317,7 млн. квтсағ, жылу энергиясы 535,9 мың Гкал;

- өсімдіктерді қорғау құралдары 2,8 мың тонна;

- күкірт қышқылы 85,4 мың тонна;

- спирт 1909 мың л.;

- сирек жер металдарының ұжымдық концентраттары - 186 тонна;

- қысқы дизель отыны-21,9 мың тонна;

-қорғасын -903 тонна.

Индустриялық-инновациялық даму шеңберінде мынадай инвестициялық жобалар іске асырылуда:

- Өнімділігі жылына 350 мың тонна кен өңдеу бойынша модульдік байыту фабрикасын салу («АDELYA GOLD» ЖШС);

-  Өндірістік қуаты жылына 7,5 мың тоннаға дейінгі электролиттік марганец өндірісі («SARECO» ЖШС).

                                               Инвестициялар

Қала экономикасына 10,9 млрд. теңге инвестиция салынды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ 71,7 %.

                                      Кәсіпкерлікті дамыту

 

2023 жылғы 1 шілдеге түрлі салаларда 3833 шағын және орта бизнес субъектілері немесе 2022 жылғы деңгейге 112,3% қызметін жүзеге асырады.

Тіркелген субъектілер қатарындағы жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі 92,4% құрады. Жыл басынан бері 505 жаңа жұмыс орны немесе 2022 жылғы деңгейге 154,4% құрылды.

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде:

- 1295,1 млн. теңге кредит сомасына 99 жоба субсидияланады, оның ішінде 415,5 млн. теңге сомасына 8 жаңа жоба;

- 183,5 млн. теңгеге 3 жоба кепілдік алды.

Бөлшек тауар айналымы 9,7 млрд. теңгені, НКИ-97,3 % құрады.

Жыл басынан бері Степногорск өңірі мен облыстың және Астана қаласының жақын маңдағы аудандарының тауар өндірушілерінің қатысуымен 25 жәрмеңке өткізілді, онда 286,6 млн.теңге сомаға өнім сатылды немесе 2022 жылғы деңгейге 112,4%.

Бюджет

Есепті кезеңде бюджеттің барлық деңгейлеріне 185,2 млрд.теңге сомасына салықтар мен төлемдер түсті, оның ішінде жергілікті бюджет – 8,8 млрд. теңге, қалалық бюджет – 4,6 млрд. теңге. Республикалық және облыстық бюджеттерден берілетін трансферттерді ескере отырып, 6 млрд.теңге немесе жоспарға 99,5% игерілді.

                                      Ауыл шаруашылығы

Жалпы өнім 3,2 млрд. теңгеге шығарылды. Жалпы өнімнің НКИ 100,4 % құрады.

Мал және құс басы: ІҚМ-18 мың, қой мен ешкі – 23,9 мың, жылқы – 14,3 мың, құс – 28,8 мың, шошқа-311.

Ағымдағы жылы Қарабұлақ және Бөгенбай ауылдарында 100 басқа арналған 2 ет фермасы ашылды.

Егіс жұмыстары 20,3 мың га алқапта жүргізілді, оның ішінде дәнді және бұршақты дақылдар – 16,3 мың га, бір жылдық шөптер – 0,4 мың га, көпжылдық шөптер – 3,2 мың га, картоп – 0,4 мың га, көкөністер – 0,03 га.

                                               Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2,3 млрд. теңгені құрады. НКИ - 115,9 %.

Тұрғын үй пайдалануға берілді – 1613 ш.м. немесе 2022 жылғы деңгейге 101,4%.

3 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде (1,5,6 позиция).

Құрылыс жұмыстары жүргізілуде:

 - Қарабұлақ ауылындағы мәдениет үйлері;

- Бестөбе кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені;

- Бестөбе кентіндегі ашық спорт кешені;

- Қырық құдық ауылындағы мәдени-спорт кешені (жеке қаражат есебінен).

 

                                                        Инфрақұрылым

         Жобалар бойынша жұмыстар жүргізілуде:

         - қаланың 10 аула аумағын абаттандыру;

         - Шантөбе, Бестөбе, Заводской кенттерінде және Байқоңыс, Қырық құдық ауылдарында аула аумақтарын абаттандыру;

         - қаланың автомобиль жолдарын орташа жөндеу;

-Ақсу-Заводской кенттері арқылы өтетін автомобиль жолын орташа жөндеу 2 кезең;

- Ақсу, Бестөбе, Заводской, Шантөбе кенттеріндегі көшелерді орташа жөндеу;

- Байқоңыс ауылының жолдарын орташа жөндеу;

- «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында Қарабұлақ және Қырық құдық ауылдарының көшелерін орташа жөндеу.

 

Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға           258 адам енгізілді және:

- жастар практикасы – 10 адам; 

- қоғамдық жұмыстар-60 адам;

- қысқа мерзімді кәсіптік оқыту – 19 адам;

- әлеуметтік жұмыс орындары-25 адам;

- бірінші жұмыс орны-7 адам;

- күміс жас – 12 адам;

- гранттар-14 адам;

- «Бастау-бизнес» оқыту-108 адам.

2023 жылдың 1 шілдесіне жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 1058 адам өтініш білдіріп, 646 адам жұмысқа орналастырылды.

Жұмыссыздық деңгейі-3,8 %. Жұмыссыздар саны-359 адамды құрады.

2023 жылдың басынан бері 646 жаңа жұмыс орны құрылды.

1844 адамға әлеуметтік көмек тағайындалды, оның ішінде:

        - атаулы әлеуметтік көмек – 132 отбасы / 569 адам;

- 44 отбасына тұрғын үй көмегі / 79 адам;

- азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек 1178 адам;

- үйде оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету 18 адам.

Жүріп-тұруы қиын адамдарға (64 адам) «Инватакси» қызметтерін ұсыну бойынша жұмыс жалғасуда. 23 адамға жеке көмекші және сурдоаудармашы қызметтері көрсетілді.

«Малика» ҚБ жартылай стационар жағдайында психоневрологиялық аурулары бар 18 адамға қызмет көрсетілді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған «Өмір» әлеуметтік қолдау орталығында жыл басынан бері 12 отбасына (37 адам) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

«Жаңа самғау» орталығында белгілі бір тұрғылықты жері жоқ және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін 10 адамға қызмет көрсетілді, оның ішінде түнгі 1 адам, күндізгі 9 адам.

                                     

Білім

Орта білім беру мекемелерінде 10121 оқушы оқиды.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 1470 тәрбиеленуші, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100%, 1- ден 6 - ға дейін - 82% құрайды.

Ағымдағы жылдың наурыз айында 75 орындық «Райхан-Ана» жеке балабақшасы ашылды.

                                     Денсаулық сақтау

Туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда - 5,9, жалпы өлім-жітім 1000 адамға шаққанда - 4,1 құрады.

 

Культура и спорт

Халықты дене шынықтыру және спортпен қамту көрсеткіші 39,3 % құрайды.

Ағымдағы жылдың маусым айында қалада ұлттық және халықтық спорт түрлері бойынша «Құлагер» облыстық спартакиадасы өтті, онда қала құрамасы облыс қалалары арасында 1 жалпыкомандалық орынға ие болды.

«Хрусталь колос-2022» қысқы облыстық спартакиадасында қала құрамасы қалалар арасында жалпы командалық 3-орынды иеленді. 2023 жылдың басынан бастап қала мен кенттердің мәдениет ұйымдарында 384,5 мың адам қатысқан 1424 іс-шара өткізілді. Мәдениет мекемелерінде 88 клубтық құрамада 2390 қатысушы жұмыс істейді.

                                               Қоғамдық қауіпсіздік

2023 жылдың қаңтар-маусым айларында Степногорск өңірінің аумағында 212 құқық бұзушылық тіркелді. Ашылу деңгейі 93,1% құрады. 10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыс деңгейі - 31 бірлік.

 

 

Дата публикации
26 июля 2023