БЕКІТЕМІН
Ақсу кентінің әкімі ___________М. Смағұлов
Ақсу кентінің азаматтық жиынының
ХАТТАМАСЫ
10-00 сағат 24.05.2023 ж
Төрағалық етуші:
Степногорск қаласының әкімі - А. Қаиржанов
Қатысқандар: Ақсу кентінің әкімі – Марат Имантайұлы Смағұлов, мемлекеттік органдардың басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, Степногорск қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы, «Viamedis» ЖШС басшысы, «Алтыналмас АК» АҚ өкілі, жергілікті қоғамдастық құрамы және Ақсу кентінің тұрғындары.
Барлығы: 125 адам қатысты
КҮН ТӘРТІБІ:
Ақсу кентінің әкімі Марат Имантайұлы Смағұлов 2023 жылдың 1 тоқсандағы Ақсу кентінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді. Сөз барысында атқарылған жұмыстар, аяқталмаған жұмыстар және кенттегі проблемалық мәселелер туралы айтылды. Сондай-ақ, 2023 жылға арналған жоспарлар туралы талқыланды.
Есеп беру кездесуі барысында келесі сұрақтар келіп түсті:
Сұрақ: С.А. Булатова - Өндіріс көшесі бойындағы жолдарға тас төсеу туралы?
Жауап: М.И. Смағұлов - Жолдарға тас төсеу бойынша қаражат бөлуге бюджеттік өтінім берілетін болады.
Сұрақ: Н.Т. Морозова – Технологиялық жолдарға су себу туралы
Жауап: А.К. Қаиржанов – Компания өкіліне жолдарға су себу кестесін жасау және осы бағыттағы жұмысты күшейту
Сұрақ: А.Б. Қасенов – «Алтыналмас АК» АҚ қатысты мәселелер бойынша кәсіпорын басшылығымен жеке кездесу өткізуді сұраймын.
Жауап: А.К. Қаиыржанов – Бұл мәселе «Алтыналмас АК» АҚ компаниясымен бірлесіп қарастырылатын болады
Сұрақ Г.Х. Вингертер - Стихиялық полигондарды жоюға қосымша 20 млн. теңге бөлінсін
Жауап: А.К. Қаиыржанов – Бұл мәселе бюджетті нақтылау кезінде қарастырылатын болады
Сұрақ: А.С. Сизов – Спорттық сауықтыру кешенін құруға бюджет қаражатын бөлу туралы.
Жауап: Қаиыржанов А. К. – Бұл мәселе қарастырылатын болады
Сұрақ: А.С. Сизов – Ақсу кентінде жаңа дәрігерлік амбулатория салу бойынша.
Жауап: А.К. Қаиыржанов – Бұл мәселе қарастырылатын болады
Сұрақ: А.С. Сизов – Автобустар үнемі бұзылып жатады, автобустың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді сұраймыз.
Жауап: А.К. Қаиыржанов – Бұл мәселе қарастырылатын болады
Сұрақ: А.С. Сизов – «Алтыналмас АК» АҚ компаниясының қатысуымен КЖТ-ға, шатырды жөндеуге және әктеуге назар аудару қажет
Жауап: А.К. Қаиыржанов– бұл мәселе қарастырылатын болады
Сұрақ: А.А. Урукбаева – Фабрикадан шығатын шу мен иіс бойынша.
Жауап А.К. Қаиыржанов - Тоқсан сайын санитарлық-қорғау аймағының шекарасында қоныстану аумағынан өнеркәсіптік кәсіпорынға дейінгі атмосфералық ауаға мониторинг жүргізілуде. Кезекті өлшеулер шілде айында жүргізіледі.
Сұрақ: А.С. Токарев – Көшірілетін кент тұрғындарының тізімі туралы. Жауап: А. К. Каиржанов – Компания өкілі қөшірілетін тұрғындардың
тізімімен таныстырсын
Сұрақ А.С. Токарев – «Кіруге тыйым салынады» ауыр жүк көліктерге арналған жол белгілері туралы
Жауабы М.И. Смағұлов - Бұл мәселе жолдарды жөндеу кезінде қарастырылатын болады
Сұрақ: Г.Х. Кустова - Жаңадан берілген өтініштер бойынша сараптама комиссиясы қашан болады?
Жауап: А.Қ. Қаиржанов - Ақсу кенті әкімінің аппаратына келіп түскен өтініштер бойынша үйлердің техникалық жай-күйін анықтау жөніндегі комиссия маусым айында ұйымдастырылады.
Сұрақ: К. Хуаныш - Ақсу кентіндегі үй құрылыстарына жарылыс жұмыстарының әсері туралы, тұрғындар көшіріледі ме?
Жауап: А.К. Қаиржанов – Бұл мәселе «Алтыналмас АК» АҚ-мен бірлесіп қарастырылатын болады
Сұрақ: Ж. Мухамедьяров - Ақсу және Заводской кенттерінің балаларын Степногорск қаласына жаттығуға тасымалдау үшін арнайы автобус бөлу бойынша.
Жауап: Қаиржанов А. К. – Бұл мәселе қарастырылатын болады
Сұрақ: Ж. Мұхамедьяров - Жергілікті жеке кәсіпкерлер «Алтыналмас АК» АҚ компаниясымен қызмет көрсету бойынша өзара қатынас жасай ала ма?
Жауап: А.К. Қаиржанов – Бұл мәселе қарастырылатын болады
Сұрақ: Ж. Мухамедьяров – «Алтыналмас АК» АҚ-да жұмысқа орналасу туралы
Жауап: А.К. Қаиржанов - Ақсу кенті әкімінің аппаратымен Ақсу кентінің жұмыссыз азаматтары үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу туралы мәселесі пысықталуда.
Сұрақ: М.Р. Аппасов – Неге ФАП жабылады? (фельдшерлік-амбулаториялық пункт).
Жауап: А.А. Рахметжанов - ФАП жабу жоспарланбаған. Медицина қызметкерлері штаттық режимде жұмыс істеуде.
Сұрақ: Г.Х. Вингертер – Ақсу кентінің тұрғындарын газбаллондармен қамтамасыз ету бойынша, ұйымдастыру қажеттілігі туралы.
Жауап: А.К. Қаиржанов – Бұл мәселе қарастырылатын болады
Сұрақ: А.Е. Шинкаренко - Кварциткада жазғы лагерьлерді ұйымдастыру туралы.
Жауап: А.К. Оспанова– Бұл мәселе қарастырылатын болады
Сұрақ: А.Е. Шинкаренко – Капитальный шахтасындағы бутобойдың шуы қай уақытқа дейін жұмыс істеуі тиіс?
Жауап: А.К. Қаиржанов – Бұл мәселе қарастырылатын болады
Сұрақ: А.Е. Шинкаренко – Кварциткада жарықтандыру қашан орнатылады?
Жауап: М.И. Смағұлов - Биыл Ақсу кенті бойынша 80 жарықтандыру тірегі орнатылады. Бұл мәселе қарастырылатын болады
Сұрақ: А.Е. Шинкаренко – «СТПЗ» АҚ-ға апаратын жолдағы шұңқырларды жөндеу туралы
Жауап: А.К. Қайыржанов – Жөндеу жұмыстары жоспарда, шұңқырлардың жөндеу жұмыстары мердігермен жойылады.
Сұрақ Асқар С. Б. - Қошқарбаев көшесіндегі қираған үйді бұзу жоспарлануда ма?
Жауап А.К. Каиржанов - Стихииялық полигондарды жоюға қосымша бюджеттік өтінім беріледі
Сұрақ К.Т. Исаев - Кентте инъекция алуға мүмкіндік жоқ, ол үшін Степногорск қаласына бару керек
Жауап А.К. Каиржанов - Бұл мәселе қарастырылатын болады
Хаттаманы жүргізген бас маман А. Исаева