БЕКІТЕМІН
Қарабұлақ ауылының әкімі
___________М.Исмағұлов
ХАТТАМА
Қарабұлақ ауылы әкімінің есеп беру кездесуі
2023 жыл 12 мамыр 15:00 сағат Қарабұлақ ауылының орта мектебі
Төрағалық етуші:
Степногорск қаласының әкімі – А. Қайыржанов
Қатысқандар: Қарабұлақ ауылының әкімі – Мұсылманбек Баукенұлы Исмағұлов, қала әкімдігінің дербес бөлімдерінің басшылары, қаланың коммуналдық қызметтерінің басшылары, медициналық ұйымдардың басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, БАҚ өкілдері, жергілікті қоғамдастық құрамы жіне ауыл тұрғындары.
Барлығы: 40 адам қатысты
КҮН ТӘРТІБІ:
(Мұсылманбек Баукенұлы Исмағұлов – Қарабұлақ ауылының әкімі)
Сұрақ: Қ.И.Айтимов – Мәдениет үйінің жобасына түзетулер енгізуге болама? (спортзал қарастырылғанба?)
Жауап: А.Қ.Қайыржанов - Мәдениет үйінің жобасы мақұлданды, түзетулер енгізу мүмкін емес.
Сұрақ: Л.Ф. Арсентьева – Су құбырларын жөндеу жұмыстарына қаражат бөліндіме?
Жауап: А.С.Гетманов – Су құбырларын жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінді, маусым айында жөндеу жұмыстары басталады.
Сұрақ: Г.Н.Баймакова – Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің тізімін атауды ұсынды?
Жауап: Н.Г.Ковалева – Жергілікті қоғамдастықтың мүшелерін атап берді.
Сұрақ: К.Умарзаг – Ауыл үйлерінің арасында қоқыстардағы өлген иттерді шығару қарастырылғанба?
Жауап: М.Б.Исмағұлов – Абаттандыру ережелеріне сәйкес, бес метр радиустағы іргелес аумақтарды жинау және күтіп ұстау меншігінде және пайдалануында құрылыстары бар заңды және жеке тұлғалармен қамтамасыз етіледі.
Сұрақ: Б.А.Бейсенбеков – Қымызмұрындық іс- шарасы биыл қашан, қайда өткізіледі?
Жауап: Б.Е.Айтпаева – Біздің қаламызда маусым айында ұлттық және халықтық спорт түрлерінен «Құлагер» облыстық спартакиадасы өткізіледі.
Сұрақ: К.Нурабаева – Абай Құнанбаев көшесінің бойындағы бұрынғы 2 қабатты үйлердің орнына ағаш отырғызу жоспарда бар ма?
Жауап: М.Б. Исмағұлов – Бұл аймақтағы жерлер жеке меншік құқығында.
Хаттаманы жүргізген бас маман А.Санах