Изобильное ауылының жергілікті қоғамдастық жиналысы
Хаттама № 3
Изобильное ауылы сағат 11-00 2023 жылғы 19 сәуір
Төрағалық етті: Изобильное ауылының әкімі - Жақсыбаев Руслан Шертайұлы
Жиналыс хатшысы: С.С.Исабаева, Изобильное ауылы әкімі аппаратының бас маманы.
Қатысты: жергілікті қоғамдастық мүшелері:
1.Агзан Ержанат - мешіт имамы;
Күн тәртібі
«Изобильный ауылының атауын өзгерту туралы»
Сөз сөйледі:
Р.Ш. Жақсыбаев – қазіргі таңда ауылдардың атауын қайта атау өзекті мәселелердің бірі. 2011-2012 жылдары ауыл ақсақалдары мен тұрғындары Изобильное ауылының атауын өзгерту туралы өз ұсыныстарын білдірді, бірақ мораторий жариялануына байланысты процесс тоқтатылды. Бүгінде ауыл тұрғындарының көпшілігінің пікірінше, ауылға жер бедерін, табиғатын сипаттайтын жаңа қазақша атау беру қажет. Тұрғындар атынан бірнеше атаулар ұсынылып талқыланды. 2023 жылғы 7 сәуірде өткен ауыл тұрғындарының жиынында қатысушылардың шешімімен су көзі, әл - ауқат, молшылық деген мағынаны білдіретін «Қайнар» атауын таңдады.
А.И Самойленко - ауылдың атауын өзгерту әрине дұрыс, бірақ ауыл атауының өзгеруімен тұрғындарға құжаттарды ауыстыру қажет болатындығын ескеру қажет. Менің ұсынысым, егер бұл мүмкін болса, өзгеріссіз Изобильное болып қалуын, ал егер атын өзгертетін болсақ қазіргі атауды қазақ тіліне аудару керек.
Қ. Қ. Сәтпаев - мен атауын өзгертуге келісемін және «Қайнар» атауын орынды деп санаймын.
Агзан Ержанат - жақын орналасқан ауылдар бұрыннан қазақ тілінде, ауылдар қайта аталды, бұл дұрыс. «Қайнар» атауымен келісемін.
Негізгі мәселелерді талқылау және дауыс беру қорытындысы бойынша шешім қабылданды: Степногорск қалалық мәслихатына және Степногорск қаласының әкімдігіне Изобильный ауылын Қайнар деп қайта атау туралы ұсыныс енгізілсін.
Барлығы қатысты: 5
Дауыс берді: 5
Қарсы: 0 дауыс берді
Қалыс қалды: 0
Тізім қоса беріледі
Төраға Р. Жақсыбаев
Хатшы С. Исабаева