Степногорск қаласының 2023 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Степногорск қаласының 2023 жылғы 1 тоқсандағы

әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

 

                                                        Өнеркәсіп

Кәсіпорындар жыл басынан бері 108,8 млрд. теңгеге тауар өнімін өндірді, өнеркәсіптік өндіріс индексі 110,9%, өңдеу өнеркәсібі 111,1% құрады. Ақмола облысының өнеркәсіптік өндірісіндегі Степногорск қаласының үлесі 26,7 % құрайды.

Тауарлық өнім өндірісі:

- катодты алтын 52 кг, флотоконцентрат 4,3 мың тонна, кен өндіру – 1468,4 мың тонна;

- 1433 кг алтын, 213 кг Доре қорытпасындағы күміс;

- 5,6 мың тонна мойынтіректер;

- уран 986 тонна, 2,8 мың тонна мыс концентраты;

- электр энергиясы 147,9 млн. квтсағ, жылу энергиясы 421,8 мың Гкал;

- өсімдіктерді қорғау құралдары 1 мың тонна;

- күкірт қышқылы 42,1 мың тонна;

- спирта 1349 мың.л.;

- сирек жер металдарының ұжымдық концентраттары - 88 тонна;

- қысқы дизель отыны-15,8 мың тонна;

- қорғасын - 460 тонна.

Индустриялық-инновациялық даму шеңберінде мынадай инвестициялық жобалар іске асырылуда:

- Өнімділігі жылына 350 мың тонна кен өңдеу бойынша модульдік байыту фабрикасын салу («АDELYA Gold» ЖШС);

Өндірістік қуаты жылына 7,5 мың тоннаға дейінгі электролиттік марганец өндірісі («SARECO» ЖШС).

                                      Инвестициялар

2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында қала экономикасына 5,4 млрд. теңге инвестиция салынды. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ 133,6 %.

Кәсіпкерлікті дамыту

2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша түрлі салаларда 3780 шағын және орта бизнес субъектілері немесе 2022 жылғы деңгейге 113,2% қызметін жүзеге асырады.

Тіркелген субъектілер қатарындағы жұмыс істеп тұрған субъектілердің үлесі 93,5% -ды құрады. Жыл басынан бері 254 жаңа жұмыс орны құрылды.

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде 1072,1 млн.теңге кредит сомасына 94 жоба субсидияланады, оның ішінде төрт жаңа жоба.

Бөлшек тауар айналымы 5 млрд. теңгені құрады. НКИ-100,2 %.

Жыл басынан бері Степногорск өңірі мен облыстың және Астана қаласының жақын маңдағы аудандарының тауар өндірушілерінің қатысуымен 12 жәрмеңке өткізіліп, 130,5 млн. теңге сомаға өнім сатылды.

Бюджет

Есепті кезеңде бюджеттің барлық деңгейлеріне 175,6 млрд.теңге сомасына салықтар мен төлемдер немесе болжамға 100,9%, өткен жылдың кезеңіне – 1163,6% түсті.

Жергілікті бюджетке - 4,3 млрд.теңге немесе болжамға 141,3%, өткен жылдың кезеңіне – 149%, оның ішінде қалалық бюджетке – 2,4 млрд. теңге немесе болжамға 197,7%, өткен жылдың кезеңіне – 210,3%. Республикалық және облыстық бюджеттерден берілетін трансферттерді ескере отырып, 1,6 млрд.теңге немесе жоспарға 100% игерілді.

                                      Ауыл шаруашылығы

Жалпы өнім 1405 млн. теңгеге шығарылды, оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 867,4 млн.теңге, мал шаруашылығы – 537,6 млн. теңге. Жалпы өнімнің НКИ 100,1 % құрады.

Өндірілген: тірі салмақтағы ет - 157,4 тонна, сүт-895,5 тонна, тауық жұмыртқасы-600 мың дана.

Мал мен құс басы: ІҚМ – 17 мың, қой мен ешкі – 22,7 мың, жылқы – 13,9 мың, құс – 28,8 мың, шошқа - 0,3 мың.

                                                        Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының көлемі 583,5 млн. теңгені құрады. НКИ - 116,7 %.

Тұрғын үй пайдалануға берілді – 734 ш.м. немесе 2022 жылғы деңгейге 80,8%.

Үш 45 пәтерлі тұрғын үй құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде
(1,5,6 позициялар).

                                                        Инфрақұрылым

         Қаланың инфрақұрылымын дамыту жобалары бойынша мердігерлермен шарттар жасалды:

- қаланың 10 аула аумағын абаттандыру;

- Шантөбе, Бестөбе, Заводской кенттерінде және Байқоңыс және Қырық құдық ауылдарында аула аумақтарын абаттандыру;

- қаланың автомобиль жолдарын орташа жөндеу;

- Ақсу-Заводской кенттері арқылы автомобиль жолын орташа жөндеу 2 кезең;

- Ақсу, Бестөбе, Заводской, Шантөбе кенттеріндегі көшелерді орташа жөндеу;

- Байқоңыс ауылының жолдарын орташа жөндеу;

- «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында Қарабұлақ және Қырыққұдық ауылдарының көшелерін орташа жөндеу.

                   Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға
140 адам енгізіліп, жолданды:

- жастар практикасы - 4 адам; 

- қоғамдық жұмыстар - 51 адам;

- әлеуметтік жұмыс орындары - 15 адам;

- бірінші жұмыс орны - 3 адам;

- «Бастау-бизнес» оқыту - 57 адам.

2023 жылдың 1 сәуіріне жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 567 адам өтініш білдіріп, 337 адам жұмысқа орналастырылды.

2023 жылдың басынан бері 337 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақты – 261, уақытша – 76.

1012 адамға әлеуметтік көмек тағайындалды, оның ішінде:

- атаулы әлеуметтік көмек – 106 отбасы / 447 адам;

- 44 отбасына тұрғын үй көмегі / 79 адам;

- азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек 468 адам;

- үйде оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету 18 адам.

Жүріп-тұруы қиын адамдарға «Инватакси» қызметтерін ұсыну бойынша жұмыс жалғасуда (64 адам).

23 адамға жеке көмекші және сурдоаудармашы қызметтері көрсетілді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған «Өмір» әлеуметтік қолдау орталығында жыл басынан бері 9 отбасы (26 адам) үшін арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.

«Жаңа самғау» орталығында белгілі бір тұрғылықты жері жоқ және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға 12 адамға қызмет көрсетілді.

                                               Білім

Орта білім беру мекемелерінде 10121 оқушы оқиды.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 1470 тәрбиеленуші, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100%, 1 – ден 6-ға дейін - 82% құрайды.

Ағымдағы жылдың 20 наурызында 75 орындық «Райхан-Ана» Жеке балабақшасы ашылды.

                                               Денсаулық сақтау

2023 жылғы қаңтар-наурызда туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 2,7, жалпы өлім-жітім 1000 адамға шаққанда 2,1 құрады.

                                               Мәдениет және спорт

Халықты дене шынықтыру және спортпен қамту көрсеткіші 39,3 % құрайды.

«Хрустальный колос-2023» қысқы облыстық спартакиадасында қала құрамасы қалалар арасында жалпы командалық 3-орынды иеленді.

2023 жылдың басынан бастап қала мен кенттердің мәдениет ұйымдарында 98 мың адам қатысқан 573 іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Мәдениет мекемелерінде
88 клубтық құрамада 2390 қатысушы жұмыс істейді.                        

Қоғамдық қауіпсіздік

2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында Степногорск өңірінің аумағында
107 құқық бұзушылық тіркелді. Ашылу деңгейі 97,6% құрады. 10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыс деңгейі - 15,6 бірлік. 

 

 

                                                                 

 

 

Дата публикации
24 апреля 2023