Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы № 19/222 қаулысы.
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 28.08.2018 № 13/204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңы 12-бабының 1) тармақшасына және 34-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 09.12.2014 № 23-251 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 28.08.2018 № 13/204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
|
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының төрайымы |
|
|
|
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
|
Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидалары
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 28.08.2018 № 13/204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
2-тарау. Арнаулы уақытша шотты ашу тәртібі
Банктік шоттың шарты Қағидалардың 6, 7, 8, 9 және 10, 14, 22-тармақтарымен айқындалған мәліметтерді қамтиды.
1) Ортсайлауком - Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат (кандидаттар), Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезінде партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың тізбесі туралы;
2) облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық сайлау комиссиялары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат (кандидаттар) туралы;
3) тиісті аумақтық сайлау комиссиялары - мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың тізбесі туралы мәліметтерді олар тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде;
4) тиісті округтік сайлау комиссиялары - бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша ұсынылған Парламент Мәжілісінің депутаттығына және мәслихаттар депутаттығына кандидат (кандидаттар) туралы екінші деңгейдегі банкке немесе оның филиалына береді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
1) жалпы сомасы заңнамада белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен он екі мың еседен артық аспайтын кандидаттың өз қаражаты және кандидатқа өзін ұсынған республикалық қоғамдық бірлестік бөлген қаражат;
2) жалпы сомасы заңнамада белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен он бес мың еседен артық аспайтын Республика азаматтары мен ұйымдарының ерікті қайырмалдықтары құрайды.
Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері -жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен жүз еседен артық және Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында бес жүз еседен артық аспауға тиіс.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
1) жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген ең төменгi жалақының екі жүз есе мөлшерiнен аспайтын кандидаттың жеке қаражатынан;
2) жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген ең төменгі жалақының бес жүз есе мөлшерiнен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.
Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері - жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен жиырма бес еседен артық және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында елу еседен артық аспауға тиіс.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
1) саяси партияның жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының мөлшерiнен бес мың еседен аспайтын жеке қаражатынан;
2) Республиканың азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен он мың еседен аспайтын ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.
Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері - жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен жүз еседен артық және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында бес жүз еседен артық аспауға тиіс.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
9-1. Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезiнде партиялық тізімді ұсынған саяси партияның сайлау қоры:
1) саяси партияның жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының мөлшерiнен бес мың еседен аспайтын жеке қаражатынан;
2) Республиканың азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен он мың еседен аспайтын ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.
Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен жиырма бес еседен артық және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында елу еседен артық аспауға тиіс.
Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
1) саяси партияның жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен бір мың еседен аспайтын меншікті қаражатынан;
2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы Қазақстан Республикасының занамасында белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен екі мың еседен аспайтын ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.
Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері - жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен елу еседен артық және Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері - жиынтығында екі жүз елу еседен артық аспауға тиіс.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
10-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары депутаттығына кандидаттың сайлау қоры:
1) кандидаттың жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен жүз еседен артық аспауға тиіс жеке қаражатынан;
2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен екі жүз еседен артық аспауға тиіс ерікті қайырмалдықтарынан құралады.
Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен он еседен артық және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері - жиынтығында жиырма бес еседен артық аспауға тиіс.
Ескерту. 2-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
10-2. Аудандар мен қалалар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың сайлау қоры мыналардан тұрады:
1) кандидаттың жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен елу еседен аспауға тиіс жеке қаражатынан;
2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен жүз еседен артық аспауға тиіс ерікті қайырмалдықтарынан құралады.
Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері - жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен бес еседен артық және Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында он бес еседен артық аспауға тиіс.
Ескерту. 2-тарау 10-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
11. Алып тасталды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 22.06.2021 № 4/408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Екінші деңгейдегі банкте арнаулы шотты ашу үшін кандидат өтініште мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде);
2) оның туылған күні;
3) жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - ЖСН) көрсете отырып, кандидаттың жеке басын куәландыратын құжат деректері;
4) кандидаттың тұрғылықты жерінің мекенжайы, оның байланыс деректері және электрондық мекенжайы;
5) арнаулы шотты ашу қажет болып табылатын екінші деңгейдегі банк филиалының атауы;
6) Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына сәйкес өзге де мәліметтер.
1) саяси партияның толық атауы;
2) саяси партияның арнаулы шотына иелік етуге уәкілетті адамдардың тегі, аты, және әкесінің аты (болған кезде), олардың байланыс деректері мен электрондық мекенжайлары;
3) заңды мекенжайы;
4) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) көрсетілген мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжат және банк деректемелері;
5) арнаулы шотты ашу қажет болатын екінші деңгейдегі банк филиалының атауы;
6) Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес өзге де мәліметтер.
3-тарау. Сайлау қорларының ақшалай қаражатын жұмсау тәртібі
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
1) тiркелген кез келген бұқаралық ақпарат құралдарына шығуға;
2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды (сайлау алдындағы жиналыстарды және сайлаушылармен кездесулердi, сайлау алдындағы жария пiкiрталастар мен пiкiр алысуларды, митингiлердi, шерулердi, демонстрацияларды және өзге де сайлау алдындағы іс-шараларды), Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына, Парламент Мәжілісінің депутаттығына, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының, партиялық тізімдерге енгізілген кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін ұйымдастыруға және өткiзуге;
3) баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгiт материалдарын шығаруға және (немесе) таратуға;
4) заңды және жеке тұлғалардың үгiт жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты қызметтерiне ақы төлеуге;
5) Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына, Парламент Мәжілісінің депутаттығына, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының, партиялық тізімдерге енгізілген кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының сайлау алдындағы үгiтпен байланысты көлiк және iссапар шығындарын жабуға;";
6) сайлау науқаны үшін арнайы әзірленген баспа материалдарын, соның ішінде безендiрiлген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгiлердi және жалауларды, жалаушаларды және өзге де белгiлер мен нышандарды тегін тарату үшін дайындауға арналған шығындарды төлеуге құқылы.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
4-тарау. Сайлау қорларының ақшалай қаражатын пайдалану туралы есеп
Бұл орайда банк куәландырған арнаулы шотты ашу туралы хабарлама көшiрмесi табыс етiледi.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын партиялық тiзiмдер бойынша сайлау кезiнде - Орталық сайлау комиссиясы;
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау кезiнде - облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) аумақтық сайлау комиссиялары;
мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде - аумақтық сайлау комиссиялары;
бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша ұсынылған Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде тиісті округтік сайлау комиссиялары жариялайды.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Қайта дауыс беру өткізілген жағдайда кандидаттың сайлау қорына түсуге рұқсат етілген ақшаның шекті сомасы бір жарым есеге ұлғаяды.
Кандидаттардың қайта дауыс беруді өткізу кезінде өздеріне қатысты қайта дауыс беру өткiзiлетiн арнаулы шоттар бойынша қаржы операцияларын қайта дауыс беру күні тағайындалған күнi қайта жаңғыртылады және сайлау күнінің алдындағы күнгi сағат он сегiзде тоқтатылады. Сайлау қорына ол құрылған күннен бастап түскен ақшаның жалпы сомасы Конституциялық заңмен белгiленген шектерден acа алмайды.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
|
|
Арнаулы уақытша шот ашу |
|
|
Нысан |
Арнаулы уақытша шоттарға (сайлау қорына) қаражаттың түскені туралы есеп
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
|
р/б |
Түскен күні |
Сомасы (теңге) |
Түсім көзі |
Түскенін растайтын құжаттар |
|
|
Т.А.Ә./ ұйымның атауы |
ЖСН/БСН |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
1. ЖЕКЕ ҚАРАЖАТ |
||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2. ЕРІКТІ ҚАЙЫРМАЛДЫҚТАР |
||||
|
|
2.1 Жеке тұлғалар |
|
|
|
|
|
|
... |
|
|
|
|
|
|
... |
|
|
|
|
|
|
ЖИЫНЫ: |
|
|
|
|
|
|
2.2 Ұйымдар |
|
|
|
|
|
|
... |
|
|
|
|
|
|
... |
|
|
|
|
|
|
ЖИЫНЫ: |
|
|
|
|
|
|
Барлығы: |
|
|
|
|
Ескертпе: Екінші деңгейдегі банк немесе оның филиалы тиісті сайлау комиссиясына апта сайын, сондай-ақ тиісті сайлау комиссиясының сұрау салуы бойынша жиырма төрт сағат ішінде ұсынады.
Қолтаңбалар:
Екінші деңгейдегі банктің басшысы: /Т. А. Ә./ (бар болса)
Бас бухгалтер: /Т. А. Ә./ (бар болса) М. О.
|
|
Арнаулы уақытша шот ашу |
Нысан
Жарналардың белгіленген шекті мөлшерінен асып кеткен, кандидат өз кандидатурасын алып тастаған, партиялық тізімді кері қайтарып алған немесе кандидатты, партиялық тізімді ұсыну немесе тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайда қаражатты қайтару туралы есеп
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
|
р/с |
Түскен күні мен сомасы (теңгемен) |
Түсім көзі |
Төлем мақсаты |
Банкке қаражаттың түскенін растайтын құжат |
Қаражаттың қайтарылған күні және олардың қайтарылғанын растайтын құжат |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескертпе: Екінші деңгейдегі банк немесе оның филиалы енгізілген ақшалай қаражаттың кідіріссіз қайтарылуына қарай тиісті сайлау комиссиясына ұсынады.
Төлемнің мақсаты - әрбір төлем құжаты бойынша сипаттама.
Екінші деңгейдегі банктің басшысы: /Т. А. Ә./ (бар болса)
Бас бухгалтер: / Т. А. Ә./ (бар болса)
|
|
Арнаулы уақытша шот ашу |
Нысан
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
|
р/с |
Қаражаттың жұмсалған күні |
Сомасы (теңгемен) |
Шығыстар бағытының коды* |
Қаражат жұмсалған іс-шаралар |
Қаражаттың жұмсалғанын растайтын құжаттар (төлем құжатының нөмірі мен күні) |
Шоттан ақша аудару үшін негіз |
|
|
01 шығыстар бағытының коды "Кез келген тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарына шығуға арналған шығыстар" |
|||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы: |
|
|
|
|
|
|
|
02 шығыстар бағытының коды "Сайлау алдындағы жария іс-шараларды, кандидаттардың, олардың сенім білдірілген адамдарының және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін ұйымдастыруға және өткізуге арналған шығыстар" |
|||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы: |
|
|
|
|
|
|
|
03 шығыстар бағытының коды "Баспа, дыбысбейне және өзге де үгіт материалдарын шығаруға және (немесе) таратуға арналған шығыстар" |
|||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы: |
|
|
|
|
|
|
|
04 шығыстар бағытының коды "Заңды және жеке тұлғалардың үгіт жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығыстар" |
|||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы: |
|
|
|
|
|
|
|
05 шығыстар бағытының коды "Кандидаттардың, олардың сенім білдірілген адамдарының және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарының сайлау алдындағы үгітпен байланысты көлік және іссапар шығыстарын жабуға арналған шығыстар" |
|||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы: |
|
|
|
|
|
|
|
06 шығыстар бағытының коды "Сайлау науқаны үшін арнайы әзірленген баспа материалдарын, соның ішінде безендірілген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгілерді, жалауларды, жалаушаларды және басқа да белгілер мен нышандарды тегін тарату үшін дайындау шығыстары" |
|||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы: |
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы (кодтар 01+02+03+04+05+06): |
|
|
|
|
|
Ескертпе: Екінші деңгейдегі банк тиісті сайлау комиссиясына апта сайын, ал тиісті сайлау комиссиясының сұрау салуы бойынша - жиырма төрт сағат ішінде ұсынады.
Шығыстар бағыттары бойынша кодтар*:
Ескертпе: Екінші деңгейдегі банк тиісті сайлау комиссиясына апта сайын, ал тиісті сайлау комиссиясының сұрау салуы бойынша - жиырма төрт сағат ішінде ұсынады.
Шығыстар бағыттары бойынша кодтар*:
01 - кез келген тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарына шығуға арналған шығыстар;
02 - сайлау алдындағы жария іс-шараларды, кандидаттардың, олардың сенім білдірілген адамдарының және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін ұйымдастыруға және өткізуге арналған шығыстар;
03 - баспа, дыбысбейне және өзге де үгіт материалдарын шығаруға және (немесе) таратуға арналған шығыстар;
04 - заңды және жеке тұлғалардың үгіт жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығыстар;
05 - кандидаттардың, олардың сенім білдірілген адамдарының және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарының сайлау алдындағы үгітпен байланысты көлік және іссапар шығыстарын жабуға арналған шығыстар;
06 - сайлау науқаны үшін арнайы әзірленген баспа материалдарын, соның ішінде безендірілген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгілерді, жалауларды, жалаушаларды және басқа да белгілер мен нышандарды тегін тарату үшін дайындау шығыстары.
Шоттан ақша қаражатын аудару үшін негіздеме - жасалған Шарттың № және күні көрсетіледі.
Қолдар:
Екінші деңгейдегі банк басшысы: /Т.А.Ә./ (болған кезде)
Бас бухгалтер: /Т.А.Ә./ (болған кезде)
|
|
Арнаулы уақытша шот ашу |
Нысан
Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттың, саяси партиялардың сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін сайлау қоры қаражатын пайдаланғаны туралы есебі
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
|
р/с |
Іс-шаралардың атауы |
Сомасы (теңге) |
Ескертпе |
|
1. |
Сайлау қорына түскен қаражаттың барлығы, оның ішінде: |
|
|
|
1.2 |
Жеке қаражат |
|
|
|
1.3 |
Ерікті қайырмалдықтар, оның ішінде: |
|
|
|
1.3.1 |
азаматтардан |
|
|
|
1.3.2 |
ұйымдардан |
|
|
|
2. |
Белгіленген шекті мөлшерден асып кетуіне байланысты қайырмалдық берушілерге қайтарылған қаражаттың барлығы, оның ішінде: |
|
|
|
2.1 |
азаматтарға |
|
|
|
2.2 |
ұйымдарға |
|
|
|
3. |
Жұмсалған сайлау қоры қаражатының барлығы, оның ішінде: |
|
|
|
3.1 |
Кез келген тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарына шығу (01 шығыстар коды) |
|
|
|
3.2 |
Сайлау алдындағы жария іс-шараларды, кандидаттардың, олардың сенім білдірілген адамдарының және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін ұйымдастыруға және өткізуге арналған шығыстар (02 шығыстар коды) |
|
|
|
3.3 |
Баспа, дыбысбейне және өзге де үгіт материалдарын шығаруға және (немесе) таратуға арналған шығыстар (03 шығыстар коды) |
|
|
|
3.4 |
Заңды және жеке тұлғалардың үгіт жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығыстар (04 шығыстар коды) |
|
|
|
3.5 |
кандидаттардың, олардың сенім білдірілген адамдарының және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарының сайлау алдындағы үгітпен байланысты көлік және іссапар шығыстарын жабуға арналған шығыстар (05 шығыстар коды) |
|
|
|
3.6 |
сайлау науқаны үшін арнайы әзірленген баспа материалдарын, соның ішінде безендірілген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгілерді, жалауларды, жалаушаларды және басқа да белгілер мен нышандарды тегін тарату үшін дайындау шығыстары (06 шығыстар коды) |
|
|
|
4 |
Сайлау қоры қаражатының қалдығы |
|
|
|
5 |
Республикалық бюджетке аударылды (қаражат қалдығының 2/3 бөлігі) |
|
|
|
6 |
Кандидатқа, саяси партияға қайтарылды (қаражат қалдығының 1/3 бөлігі) |
|
|
Ескертпе: сайлау қоры қаражатының түсуі мен жұмсалуы туралы есеп сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін ұсынылады:
Қазақстан Республикасының Президентін, партиялық тізімдер бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезінде - Орталық сайлау комиссиясына;
Сенат депутаттарын сайлау кезінде - облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана) аумақтық сайлау комиссияларына;
бірмандаттық округтер бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын, мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде округтік сайлау комиссияларына немесе тиісті аумақтық сайлау комиссияларына;
партиялық тізімдер бойынша мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде-аумақтық сайлау комиссиялары.
Есеп қаражаттың жұмсалғанын растайтын құжаттармен бірге ұсынылады.
Кандидаттың қолы: /Т. А. Ә./ (болған кезде)
Партия басшысының немесе партияның ұжымдық органы уәкілеттік берген адамның қолымен: /Т. А. Ә. / (болған кезде) М.О.
Есеп расталады
Екінші деңгейдегі Банк басшысының қолымен: /Т.А.Ә. / (болған кезде) М.О.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК