Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/202 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 қыркүйекте № 17426 болып тіркелді.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы міндетін атқарушы |
К. Петров |
|
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы міндетін атқарушы |
Б. Мелдешов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және
коммуникациялар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы |
Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдері
1-тарау Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
2-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарына шығу үшін қаражат бөлу тәртібі
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 22.06.2021 № 4/408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қызметтер үшін төлем жүргізу кандидаттың қызметтерді жеткізуші ұсынған шотты берген кезінен бастап он күн ішінде жүзеге асырылады.
3-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдарына шығу үшін қаражат бөлу көлемдері
Баспа табақ деп форматы 60х90 см, көлемі 5400 см2 қағаз бетін түсіну керек. Көлемі 0,1 баспа табақ 540 см2 ауданға тең болады, бұл А-2 форматындағы газет бетінің ¼ құрайды.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК