Степногорск қаласының 2022 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы
Өнеркәсіп
Кәсіпорындар жыл басынан бері 413,6 млрд. теңгеге тауар өнімін өндірді, өнеркәсіптік өндіріс индексі 154,6%, өңдеу өнеркәсібі 160,6% құрады. Ақмола облысының өнеркәсіптік өндірісіндегі Степногорск қаласының үлесі 27,9 % құрайды.
Тауарлық өнім өндірісі:
- катодты алтын - 174,6 кг, флотоконцентрат-22,6 мың тонна, кен өндіру -
7361,4 мың тонна;
- алтын - 6770,4 кг, Доре қорытпасындағы күміс - 1451 кг;
- мойынтіректер - 22,2 мың тонна;
- уран - 1634 тонна, мыс концентраты - 18,2 мың тонна;
- электр энергиясы - 642,3 млн. квтсағ, жылу энергиясы - 918 мың Гкал;
- өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдары - 6,9 мың тонна;
- күкірт қышқылы - 175,4 мың тонна;
- спирта - 5132 мың.л.;
- сирек жер металдарының ұжымдық концентраттары - 209 тонна, сульфоаммофос - 1111 тонна;
- қысқы дизель отыны - 31,3 мың тонна.
Индустриялық-инновациялық даму шеңберінде «Астана Ойл Мұнай үйі» ЖШС дизель отынының сапасын алу және жақсарту мақсатында шағын МӨЗ жаңғырту жобасы іске асырылды, «АDELYA GOLD» ЖШС өнімділігі жылына 350 мың тонна кенді қайта өңдеу бойынша модульдік байыту фабрикасының құрылысы жүргізілуде.
Инвестициялар
2022 жылы қала экономикасына 28,2 млрд. теңге немесе 39% инвестиция салынды.
Кәсіпкерлікті дамыту
2023 жылғы 1 қаңтарға әртүрлі салаларда 3644 шағын және орта бизнес субъектілері немесе 2021 жылғы деңгейге 109,6% қызметін жүзеге асырады.
2022 жылы тіркелген субъектілердің үлесі 92,8% құрады. Жыл басынан бері
791 жаңа жұмыс орны құрылды.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде:
- 879,6 млн. теңге кредит сомасына 90 жоба субсидияланады, оның ішінде
2022 жылға 50 жаңа жоба;
- 508,7 млн. теңге сомасына 44 жоба кепілдік алды;
- 7,4 млн. теңге сомасына 2 грант берілді.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың
2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында
117,4 млн.теңге сомасына 24 шағын несие берілді.
Сауда
Ағымдағы жылы 2 жаңа сауда нысаны ашылды:
- «Мечта» сауда желісінің тұрмыстық техникасын сату дүкені;
- «Мастер» құрылыс материалдары орталығы.
Бөлшек тауар айналымы 29,9 млрд. теңгені құрады, НКИ – 98,7%.
2022 жылы Степногорск өңірі мен облыстың және Астана қаласының жақын маңдағы аудандарының тауар өндірушілерінің қатысуымен 52 жәрмеңке өткізілді, онда 566,6 млн.теңге сомаға өнім сатылды.
Бюджет
Есепті кезеңде бюджеттің барлық деңгейлеріне 45,5 млрд. теңге сомасына салықтар мен төлемдер түсті, өткен жылдың кезеңіне – 140,8%.
Жергілікті бюджетке – 14,1 млрд.теңге, өткен жылдың кезеңіне – 133,7 %, оның ішінде қалалық бюджетке – 5,2 млрд. теңге, өткен жылдың кезеңіне – 119,6%. Республикалық және облыстық бюджеттерден берілетін трансферттерді ескере отырып, 12,3 млрд.теңге немесе жоспарға 99,4% игерілді.
Ауыл шаруашылығы
Жалпы өнім 7,9 млрд. теңгеге шығарылды, оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 5,2 млрд.теңге, мал шаруашылығы – 2,7 млрд. теңге, жалпы өнімнің НКИ 105,7% құрады.
Өндірілген: тірі салмақтағы ет - 791,3 тонна, сүт - 5,7 мың тонна, тауық жұмыртқасы - 2771 мың дана.
Мал мен құс басы: ІҚМ – 16,3 мың, қой мен ешкі – 19,8 мың, жылқы – 13 мың, құс – 27 мың, шошқа – 320.
Егін жинау жұмыстары 20,2 мың га алаңда жүргізілді, астық және дәнді – бұршақты дақылдар – 12,2 мың тонна, майлы дақылдар – 0,3 мың тонна, картоп – 4 мың тонна, көкөністер – 0,4 мың тонна, бір жылдық дақылдар – 1 мың тонна, көпжылдық дақылдар-0,4 мың тоннаны құрады.
Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі 12,8 млрд. теңгені құрады, НКИ-50,4 %.
3335 ш. м. тұрғын үй пайдалануға берілді.
Инженерлік желілерді жүргізе отырып, үш 45 пәтерлі тұрғын үйлердің (1,5,6 позиция) құрылысы бойынша жұмыстар басталды.
Инфрақұрылым
Ағымдағы жылы жобалар іске асырылды:
- 10,11,12,13 үйлерге қарама-қарсы 9 шағын ауданда қоғамдық кеңістікті абаттандыру;
- №26, 27, 6 шағынаудандағы тұрғын үйлердің аулалық аумақтарын абаттандыру; - Халық қатысатын Бюджет - 88, 4 шағын ауданның аула аумағын абаттандыру; - Степногорск қаласы, 6-шы шағын ауданның №85,86,87 тұрғын үй аулаларының аула аумақтарын абаттандыру;
- Степногорск қаласындағы 5 шағын ауданның № 14 тұрғын үйінің аула аумағын абаттандыру.
Жол жөндеу жұмыстары жүргізілді:
- қалада:
- Ағымдағы шұңқырларды жөндеу (көше жолдары);
- Автомобиль жолдарын орташа жөндеу.
- кенттерде:
- Ақсу, Заводская кенттері арқылы өтетін жолды орташа жөндеу – 1 кезең;
- Бестөбе, Заводской, Ақсу және Шантөбе кенттеріндегі кентішілік жолдарды орташа жөндеу.
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында - Қарабұлақ және Қырық құдық ауылдарындағы жолдарды орташа жөндеу.
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға
558 адам енгізілді, оның ішінде Степногорск қаласы мен кенттердің 513 тұрғыны және ауылдардың 45 тұрғыны:
- қысқа мерзімді кәсіптік оқыту - 35 адам;
- әлеуметтік жұмыс орындары - 41 адам;
- жастар практикасы - 57 адам;
- қоғамдық жұмыстар - 159 адам;
- бірінші жұмыс орны - 9 адам;
- күміс жас - 8 адам;
- ұрпақтар келісімшарты - 2 адам;
- жаңа бизнес-идеяларды дамытуға арналған мемлекеттік гранттар - 28 адам;
- «Бастау-бизнес» оқыту - 219 адам.
2023 жылдың 1 қаңтарына жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 2010 адам өтініш білдіріп, 1486 адам жұмысқа орналастырылды.
2022 жылдың басынан бастап 1347 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақты – 1286, уақытша– 61.
4168 адамға әлеуметтік көмек тағайындалды, оның ішінде:
- атаулы әлеуметтік көмек – 175 отбасы/732 адам;
- 190 отбасына тұрғын үй көмегі/234 адам;
- үйде оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету - 18 адам;
- азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек - 3184 адам.
Жүріп-тұруы қиын адамдарға (64 адам) «Инватакси» қызметтерін ұсыну бойынша жұмыс жалғасуда. 21 адамға жеке көмекші және сурдоаудармашы қызметтері көрсетілді. «Балапан» ҚБ жартылай стационар жағдайында психоневрологиялық аурулары бар
30 адамға қызмет көрсетті.
«Ардагерлер ұйымы» ҚБ егде жастағы 15 адамға жартылай стационар жағдайында қызмет көрсетті.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған «Өмір» әлеуметтік қолдау орталығында жыл басынан бері 28 отбасына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді.
2022 жылы белгілі бір тұрғылықты жері жоқ және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға қызмет көрсету үшін «Жаңа самғау» орталығы ашылды. Орталық ашылған күннен бастап 15 адамға қызмет көрсетілді, оның ішінде тәулік бойы тұратын 11 адам және түнде болатын 4 адам.
Білім
Орта білім беру мекемелерінде 10219 оқушы оқиды.
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 2485 тәрбиеленуші бар, 3 – тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 100%, 1-ден 6-ға дейін-81,2% құрайды.
Ағымдағы жылы барлығы 11 - сынып түлектері 370, оның ішінде «Алтын белгі» - 25 түлек, 27 түлек Үздік аттестат алды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық турында 15 оқушы жүлделі орындарға, облыстық олимпиадада – 11 орынға ие болды.
Ағымдағы жылы республикалық слетке қатысу қорытындысы бойынша Байқоңыс, Қарабұлақ және Қырыққұдық ауылдары орта мектебінің оқушылар командасы IQanat және «Мың бала» республикалық олимпиадасының жүлдегерлері атанды.
Білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен 158,7 млн. теңге, оның ішінде жабдықтарды сатып алуға 51,6 млн. теңге бағытталды.
Бестөбе кентінде 300 орындық орта мектептің құрылысы жүргізілуде.
Денсаулық сақтау
2022 жылғы қаңтар-қарашада туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 13,7 құрады, жалпы өлім-жітім 1000 адамға шаққанда 11,7.
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қолдауымен Степногорск қалалық көпсалалы ауруханасының базасында «Қамқорлық» ерте араласу орталығы ашылды, онда жыл сайын 3 жасқа дейінгі 600 балаға даму бұзылыстары және олардың туындау қаупі бар тегін қызмет көрсетілетін болады.
Мәдениет және спорт
2022 жылы халықты дене шынықтыру және спортпен қамту көрсеткіші 39,3%-ды. құрады. «Хрустальный колос-2022» қысқы облыстық спартакиадасында қала құрамасы жалпы командалық 3-орынға ие болды.
Қала командасы «Құлагер» ұлттық және халықтық спорт түрлері бойынша облыстық спартакиадада (Есіл қ., Есіл ауданы) 1-ші жалпы командалық орынға ие болды.
«Ақ бидай» облыстық спартакиадасында қала командасы қалалар арасында 2-ші және облыс аудандары арасында 3-ші орынды иеленді (Біржан сал ауданы).
Қыркүйек айында заманауи спорттық жабдықтармен жабдықталған ерекше мүмкіндіктері бар адамдарға арналған демалыс орталығы ашылды.
Заводской кентінде және Қарабұлақ ауылында спорт алаңдары салынды, Бестөбе кентінде балалар алаңы орнатылды.
«Алтыналмас АК» АҚ қолдауымен Ақсу кентінде көпфункционалды спорт алаңы орнатылды.
2022 жылдың басынан бастап қаланың мәдениет ұйымдарында кенттерде
2030 іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді, оған 215,6 мың адам қатысты. Мәдениет мекемелерінде 88 клубтық құрамада 2,4 мың қатысушы жұмыс істейді.
Жыл сайынғы «Рухани қазына – 2022» республикалық фестивалі аясында Мәдениет және өнер саласының ұйымдары мен қызметкерлері арасында қалалық кітапхана «Үздік қалалық кітапхана», «Үздік қалалық балалар кітапханасы», «Үздік қалалық мәдениет үйі» номинациясының кеншісі ЦДК жеңімпазы атанды.
Степногорск қаласының әкімдігі Қарабұлақ ауылындағы «Ұлы тағзым» қоғамдық қорымен бірлесіп «Көкмайса фест – 2022» республикалық этнофестивалі аясында «Қымызмұрындық» мерекесін ұйымдастырды.
Мәдениет және спорт объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға қалалық бюджеттен 118 млн.теңге, оның ішінде жабдықтарды сатып алуға 48,4 млн. теңге, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 69,6 млн. теңге бағытталды.
Қоғамдық қауіпсіздік
2022 жылы Степногорск өңірінің аумағында 458 құқық бұзушылық тіркелген немесе 2021 жылғы деңгейге 85,9%. Ашылуы 98,3 %. 10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыс деңгейі - 66,8 бірлік.
Степногорск қаласының Т. Волчек кәсіпкерлік бөлімінің
басшысы