29.12.2022 жылғы № 17/83 қаулы Степногорск қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

 

Степногорск қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес, және  Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 16/82 «Степногорск қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау комиссияларын құру туралы» Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы қаулысына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Степногорск қалалық мәслихаттың депутаттарын сайлау бойынша Қаулыға қосымшаға сәйкес шекараларда 12 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері құрылсын.
  2. Степногорск қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандатты аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Степногорск қалалық мәслихатына жіберілсін.
  3. Осы қаулы Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және «Престиж» газетінде орналастырылсын.
  4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Степногорск қалалық аумақтық

сайлау комиссиясының төрайымы                                                     Т. Семенюк

 

Степногорск қалалық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                            А. Баязитова

 

 

 

Дата публикации
30 декабря 2022