ХАБАРЛАМА 2022 жылғы 16 қазанда екі сайлау округі бойынша Степногорск қаласының Ақсу және Шантөбе кенттері әкімдерінің сайлауы өтті.

Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Ақсу және Шантөбе кенттері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Ақсу сайлау округі.

Ақсу кенті әкімінің сайлауы бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2567 азамат кірді, олардың 1950 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 42, «барлығына қарсы» жолында белгісі бар - 5.

         Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бейсенбин Ж. А. - 108; Смағұлов М. И –  1795.

         Ақсу кентінің әкімі болып Марат Имантайұлы Смағұлов сайланды, 1985 жылы туған, Ақсу кентінің әкімі, Ақсу кентінде тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.

 

Шантөбе сайлау округі.

Шантөбе кенті әкімінің сайлауы бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 2559 азамат енгізілді, оның 2057-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 53, «барлығына қарсы» жолында белгісі бар - 82.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Дауленбаева Ш.Е. - 217; Мұқанов Е. Б. – 1555; Уахитов М. А. - 150.

         Шантөбе кентінің әкімі болып Ержан Баялұлы Мұқанов сайланды, 1973 жылы туған, Шантөбе кентінің әкімі, Шантөбе кентінде тұрады, «AMANAT» партиясынан ұсынылған.

 

         Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 18 қазандағы шешіммен 2022 жылғы 16 қазанда сайланған Степногорск қаласының Ақсу және Шантөбе кенттерінің әкімдерін тіркеді.

 

                                     

Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
18 октября 2022