Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 16 қазанға тағайындалған Степногорск қаласының Ақсу және Шантөбе кенттерінің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы хабарламасы

2022 жылғы 16 қазанда өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Степногорск қаласының Ақсу және Шантөбе кенттері әкімдерінің кезекті сайлауы тағайындалды.

         8 кандидат ұсынылды, оның ішінде «AMANAT» саяси партиясы - 2 (33,3%); 6 (66,7%)- өзін-өзі ұсыну.

         2022 жылғы 05 қазанда сағат 18.00-де Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Степногорск қаласының Ақсу және Шантөбе кенттерінің әкімдеріне ұсынылған 8 кандидаттан 6 адамды тіркеді. 2 кандидаттарға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі бойынша бас тартылды.

         Тіркелген кандидаттардың қатарында 4 (66,7%) ер адам және 2 (33,3%) әйел бар.

         Мамандықтар бойынша: 1– (оқытушылар), 2 – (инженерлер), 2 – (заңгерлер), 1 – (экономистер).

         5 кандидат жұмыс істеп тұрған мемлекеттік қызметшілер, 1 Мемлекеттік мекемелердің қызметкері болып табылады.

         2 (33,3%) кандидат сайлауға түсетін ауылдық округте, 4 (66,7%) – ауданда, басқа ауылдық округте тұрады.

Дата публикации
07 октября 2022