«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Степногорск қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Степногорск қаласының ауыл, кентер және ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтері құрылсын:
1) Ақсу кентінің әкімін – Ақсу сайлау округі Ақсу кентінің шекараларында;
2) Шаңтөбе кентінің әкімін – Шаңтөбе сайлау округі Шаңтобе кентінің шекараларында.
Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіле отырып, Степногорск қалалық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және «Вечерный Степногорск» қалалық газетінде жариялансын.
Комиссия төрайымы Т.Семенюк
Комиссия хатшысы А.Баязитова