Степногорск қаласы ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Степногорск қалалық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Степногорск қаласында 2022 жылғы 16 қазанға сайлау тағайындалсын:

- Ақсу кентінің әкімін;

- Шаңтөбе кентінің әкімін.

2022 жылғы 16 қазанға тағайындалған Степногорск қаласының ауылдар, кенттер және ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. Осы қаулы Степногорск қалалық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және «Престиж» қалалық газетінде жариялансын.

Комиссия төрайымы                         Т.Семенюк

Комиссия хатшысы                            А.Баязитова

Дата публикации
16 сентября 2022