Хаттама Степногорск қаласы әкімінің Қарабұлақ ауылының тұрғындарымен кездесуі

Жалпы білім беретін мектеп 15 сәуір 2022 жыл

Қатысқандар: қала әкімдігінің дербес бөлімдерінің басшылары, қалалық мәслихат депутаттары, құқық қорғау қызметтерінің, қалалық мекемелердің өкілдері, сондай-ақ медициналық ұйымдардың қызметкерлері, БАҚ

75 адам қатысты

КҮН ТӘРТІБІ

Исмагулов Мусулманбек Баукенович - Қарабұлақ ауылының әкімі-"Қарабұлақ ауылының 2022 жылғы 1 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2022 жылға арналған жоспарлары туралы есеп". Қайыржанов Алпысбай Қуандықұлы - Степногорск қаласының әкімі – "Степногорск қаласының 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп".

Қарабұлақ ауылының әкімі М.Б. Исмағұлов Қарабұлақ ауылының 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2022 жылға арналған жоспарлары туралы есеп берді.

Степногорск қаласының әкімі А.Қ. Қайыржанов Степногорск қаласының 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2022 жылға арналған жоспарлары туралы есеп берді.

Есептік кездесу барысында келесі сұрақтар түсті:

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған Б.А. Бейсембековтен, жайылымдық және шабындық жерлердің жетіспеушілігі туралы.

Степногорск қаласының әкімі А.Қ. Қайыржанов пайдаланылмай жатқан жерлерді алып қою жұмыстары жүргізіліп жатқанын түсіндірді. Анықталған жағдайда, жер телімдері Қарабұлақ ауылының шекарасына енгізілетін болады.

Зейнеткер К.И. Әйтімовтен бруцеллезге қан үшін пробиркалардың жоқтығы туралы.

Степногорск қаласының әкімі А.Қ. Қайыржанов пробиркалар сатып алынғанын түсіндірді, 16 сәуірден бастап пробиркалар ауылдардың ветеринарлық дәрігерлеріне таратылады.

Шаруа қожалығының басшысы Ж.Ж. Омаровтан аусылға қарсы егу туралы.

Степногорск қаласының әкімі А.Қ. Қайыржанов ағымдағы күні Ақмола облысының ветеринария басқармасынан вакциналар жеткізілетіні туралы түсініктеме берді.

Степногорск қаласының әкімі А. Қайыржанов

Хаттама Степногорск қаласы әкімінің Қарабұлақ ауылының тұрғындарымен кездесуі
Дата публикации
30 июня 2022